БҚО-ДА НЕГІЗГІ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

 БҚО-ДА НЕГІЗГІ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

2018 жылғы 4 шілдеде БҚО-да 2018 жылға арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарына енгізілген Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының жобаларының таныстырылымы өтті.

Презентация барысында қатысушылардың назарына жеңіл өнеркәсіп, медицина саласындағы өнімдер және туризм, банк жүйесі саласындағы қызметтер және т.б. арналған 170 негізгі ұлттық стандарттар жобалары ұсынылды.

Бүгінгі таңда «ҚазСтИн» РМК БҚФ-да «Орналастыру орындарының (құралдарының) қызметтері. Шипажайлар, пансионаттар, демалыс орталықтары қызметтеріне қойылатын жалпы талаптар», «Шағын орналастыру орындарының (құралдарының) қызметтері. Жалпы талаптар» және «Орналастыру орындарының (құралдарының) қызметтері. Қызмет көрсетуші персоналға қойылатын жалпы талаптар» стандарттары дайындалуда.

Сонымен қатар, 2015-2017 жылдар аралығындағы кезеңде қабылданған жаңа Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары жөнінде ақпарат берілді.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар қызықты және пайдалы ақпарат үшін алғыс білдірді.