АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА «ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕТРОПОЛИТЕН ҚҰРАМЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ЖӘНЕ «ЖЕҢІЛ РЕЛЬСТІК КӨЛІГІ, ТРАМВАЙЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ЕУРАЗЭҚ ТР ЖОБАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қалалық департаменті ағымдағы жылдың 10 шілде күні «Жылжымалы метрополитен құрамының қауіпсіздігі туралы» және «Жеңіл рельстік көлігі, трамвайлардың қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың Техникалық регламенттерінің жобалары бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК, Алматы Кәсіпкерлер палатасы, «NCA» ЖШС, «ҚазИнМетр» РМК, сәйкестік растау органдарының, М.Тынышпаев атындағы ҚазККА, «Митрополит» ҚМК, «Алматыэлектрстанс» ЖШС, «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ өкілдері қатысты.
Отырыс барысында ««Жылжымалы метрополитен құрамының қауіпсіздігі туралы» және «Жеңіл рельстік көлігі, трамвайлардың қауіпсіздігі туралы» ЕурАзЭқ ТР жобаларының талаптары және өтпелі кезеңнің ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, «ҚазСтИн» РМК мамандары техникалық регламенттердің талаптарын сақталуын қадағалайтын стандарттардың тізбесін, өнімдерді каталогизациялау жүйесі, ТБТ / СФС хабарламалары мен 2015-2017 жылдарға қабылданған стандарттар туралы ақпараттарды айтып өтті.
Осы ЕурАзЭқ ТР жобасы Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында көпшілік талқылануына салынған.
Шара нәтижесі бойынша ЕурАзЭқ ТР жобасын қарастырып, ұсыныстар мен ескертулер ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне жіберілетін болады.