ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫ ТҮСІНДІРУ

Биыл тамыз айының 3 күні Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институтымен бірлесіп техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын нақтылау мақсатында Есіл ауданының Корнеевка с. «Корн» ЖК-не барып қайтты.
«Корн» ЖК 2016 жылдың сәуір айында құрылған. Кәсіпорында қоршаған ортаға зиян келтірмейтін ағаштан жасалған өнімдер өндіріледі: Атап айтқанда есіктер, терезе жақтаулары, жиһаз, блокхаус және т.б. Өзінің өндірістік ғимаратын жылыту үшін ағаштардан қалатын қалдықтарды отын ретінде қолданады.
2017 жылы «Корн» ЖК «Сәтті старт» номинациясында «2017 жылдың Үздік кәсіпкері» аймақтық байқауының женімпазы болды.
Кездесу қорытындысы бойынша бас маман – мемлекеттік бақылау жөніндегі СҚО бойынша мемлекеттік инспекторы Екатерина Паршина өнімдердің сәйкестігін растау рәсімін өткізу туралы, өнімдерді Қазақстан Республикасының Бірыңғай каталогына енгізу жөнінде ұсынымдар берді.