СЕМЕЙДЕ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДА ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРЛАНҒАН КЕҢЕС ӨТТІ

СЕМЕЙДЕ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДА ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРЛАНҒАН КЕҢЕС ӨТТІ

14-тамыз күні ШҚО бойынша Техникалық реттеу және метрология Комитеті департаментінің мамандары Семей қаласында қалалық және аймақтық кәсіпорындарда өлшеу құралдарын пайдалану бойынша кеңес өтті. Оған  Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің  және Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мамандары қатысты.

Кеңестің мақсаты -  өз қызметтерінде өлшеу құралдарының тізімін қолданатын Семей қаласының кәсіпорындарына «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының талаптарын түсіндіру.

Заң бойынша мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдарын өндiрiстен немесе жөндеуден шығару, пайдалану және импорт бойынша әкелу кезiнде бекiтiлгеннен кейiн немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелгеннен кейiн салыстырылып тексерiледi.

Техникалық реттеу және метрология Комитеті департаменті Семей бөлімінің басшысы Рақыш Шумаев заңнама мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылатындығын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша, мемлекеттік органдар  тиісті ақпараттарды  ШҚО бойынша Техникалық реттеу және метрология Комитеті Департаментіне жіберуге міндеттелді.