КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ АҒАШ ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫНҒА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ТРМК Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлері 2018 жылдың 27 тамызында «КазЛес» Компанияся» ЖШС-де техникалық реттеу және метрология саласына қатысты қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік құжаттар талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында департамент қызметкерлері техникалық реттеу саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ мемлекеттік стандарттау жұмыстарының бағыты, халықаралық менеджмент жүйесі, нормативтік техникалық құжаттардың Бірыңғай Қоры және өнімдер мен қызметтер бойынша сәйкестікті растау процестері, кәсіпорындағы өлшем құралдарына қатысты метрологиялық талаптар, өнімдерді каталогтау жүйесі туралы ақпарат берді.
«КазЛес» ЖШС – қазіргі заманғы көпфункционалды ағаш өңдеу кәсіпорны болып табылады. Негізгі бағыттардың бірі - жапсырылған брус, ағаш еуро терезелері, ағаш үйлер, моншалар, жаппа мен бойлық бұйымдардың бүкіл спектрін өндіру.
Департамент қызметкерлері техникалық реттеу, метрология саласының нормативтік құжаттар талаптары бойынша түскен сұрақтарға толық жауаптар беріп, осы салаға қатысты бұдан әрі де өзара қарым-қатынас және заңнамалар талаптары бойынша мәселелерге түсіндірмелер беру туралы уағдаластық жасалды.