Жиі қойылатын сұрақтар

Көрмелер және жәрменкелер ұйымдастыруды әкімдіктер жүзеге асырады. Олар жәрменкелердің шарттары мен мерзімдерін анықтайды, сондай-ақ орташа нарықтық бағадан 15% - ға төмен белгіленеді. Жәрмеңкеде қатысуға өтінім беру үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жүгіну қажет.

Түріне қарай жәрмеңкелер жіктеледі:

  1. ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері;
  2. маусымдық жәрмеңкелер;
  3. мерекелік жәрмеңкелер;
  4. тақырыптық жәрмеңкелер;

Жәрмеңкеде сатуға ұсынылатын өнімдердің ассортименті Азық-түлік тауарларынан тұрады, бұл ретте жәрмеңкені ұйымдастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өнімі бар қатысушыларға басым орындар беріледі.

Жәрмеңкелерді өткізу кезеңі:

  1. ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері: аудандарда – бір жыл ішінде кемінде екі аптада бір рет; республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда – бір жыл ішінде аптасына кемінде бір рет; елордада – Қазақстан Республикасы өңірлерінің қатысуымен жыл сайын маусымнан қараша айларына дейінгі аралықта.                       
  2. маусымдық жәрмеңкелер – ауылдық округтерде, аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – сұранысты қанағаттандыру қажеттілігі айының алдындағы айдың демалыс күндері (кемінде үш демалыс күні).               
  3. мерекелік жәрмеңкелер – жәрмеңкелерді өткізудің басталуы мемлекеттік мереке басталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.
  4. тақырыптық жәрмеңкелер – ішкі сауда субъектілері өтінімдерінің түсуіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет.

Сауда қызметін реттеу туралы Заң ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидалары.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032474