Ішкі сауда

Ішкі сауда

Министрлік ішкі сауданы дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингін жүзеге асыруға, жекелеген халықаралық көрмелер ұйымдастыру мен өткізуге және мемлекеттік қызметтер көрсетуге, тауар биржалары саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға, сондай-ақ электрондық сауданы дамыту және енгізу мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

    Жиі қойылатын сұрақтар

    Барлығын көру

    2021 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша апта сайынғы статистикалық деректерге сәйкес ел өңірлерінде 1-санаттағы он жұмыртқаның бағасы340 теңгеденбастап485 теңгеге дейінқұбылады. Жыл басынан бері бағаның өсуі 11,9%-ды құрайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

    Естеріңізге сала кетейік, мемлекет бағаны реттей алатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізіміне тек 1-санаттағы жұмыртқа ғана жатады.

    Бағаның өсуінің негізгі себептері құс тұмауына байланысты 2020 жылы өлім салдарынан 2020 жылыжұмыртқа өндірісінің8,4%-ғақысқаруыболып табылады. Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының деректері бойынша өлім2,6 млн.мекиен тауықтықұрады. Бағаның өсуінің екінші себебі –жем-шөптің қымбаттауы (оның ішінде жемдік астық). Жыл бойы жем-шөптің құны 54.4%-ке ұлғайды.

    Өңірлерде бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыртқа өндіруші компаниялар мен сауда объектілері (дүкендер, сауда желілері) арасында жұмыртқа сөрелеріне тікелей жеткізу және сатудың тіркелген бағасын қамтамасыз ету туралы меморандумдар жасалады. Әкімдіктер басқа да әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша осындай жұмыстар жүргізуде.

    Анықтама:

    Ел бойынша барлығы 1472 ӘМАТ өндірушілері мен 11186 сауда объектілері арасында 12658 меморандум жасалды.

    Бұдан басқа, жемдердің бағасының өсімін тежеу үшін «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ базасында тұрақты жұмыс істейтін жемдік астық қорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыртқа өндіру шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу жөніндегі деректер мен басқа да шаралар ҚР Сауда және интеграция министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп әзірлеген арнайы Жол картасында көзделген.

    Жол картасының қабылданған жедел іс-шараларының нәтижесінде, мереке күндеріне қарамастан, қажетті өнімдер дәстүрлі түрде қымбаттап жатса да, бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік туды.

    Мерекелік аптада (2021 жылғы 16-25 наурыз аралығында) әлеуметтік маңызы бар жұмыртқалардың бағасы0,2% - ға төмендеді.

    Бұл ретте, өткен аптада (2021 жылғы 9-16 наурыз аралығында) 1-санаттағы жұмыртқаларға бағаның өсуібар болғаны 0,1% - дықұрады.