
Негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Міндеті: Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру.
Функциялар:
техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қоюды және кері қайтарып алуды жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын әзірлейді;
нұсқамалардың нысандарын және оларды беру тәртібін әзірлейді;
бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиынтық тізімін қалыптастырады;
бақылау субъектісінің тексерудің жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы Профилактикалық бақылаудың жарамсыздығына байланысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы өтініштерін қарайды;
бақылау функцияларын жүзеге асыру бойынша Комитеттің аумақтық департаменттерінің қызметін үйлестіреді;
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі Комитеттің аумақтық департаменттерінің есептік деректерін жинақтауды жүзеге асырады;
Комитеттің аумақтық департаменттері жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындайды;
Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) саласындағы консультативтік комитет жанындағы кіші комитеттердің материалдарын дайындауды ұйымдастырады);
Басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының салалық кеңестерде, сараптамалық кіші топтарда, жұмыс топтарында өткізілуін ұйымдастырады және қатысуын қамтамасыз етеді, оның ішінде оларға қатысады;
мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша халықаралық, өңірлік ұйымдармен және ұлттық органдармен келісімдердің, меморандумдардың жобаларын қарайды;
жетекшілік ететін бағыттары бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады;
жетекшілік ететін бағыттар бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды жоспарлау және мониторингілеу бойынша жұмыстар жүргізеді;
Басқарма құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық департаменттері қызметінің қорытындылары бойынша Комитеттің, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген отырыстарына материалдар дайындайды;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ЕАЭО техникалық регламенттерін қарауға қатысады;
Комитеттің аумақтық департаменттерінің қызметін бағалау тәртібін белгілейді.
Міндеті: асыл тастар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі – зергерлік және басқа да бұйымдар) айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.
Функциялар:
асыл тастарды, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылау жөніндегі Комитеттің аумақтық департаменттерінің жұмысын үйлестіруді және мониторингілеуді жүзеге асырады;
асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету бойынша дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметін бастау не тоқтату туралы хабарлама рәсімі жөніндегі Комитеттің аумақтық департаменттерінің қызметіне мониторингті жүзеге асырады;
зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша іс-шараларды үйлестіреді;
асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлейді;
Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын әзірлейді;
асыл тастарға, зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау және (немесе) растамау туралы қорытынды нысанын әзірлейді;
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын әзірлейді;
бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жиынтық тізімін қалыптастырады;
бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау бойынша мониторингті жүзеге асырады;
бақылау субъектісінің тексерудің жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы өтініштерін қарайды және Комитет басшылығына ұсыныстар енгізеді;
Басқарманың құзыреті шегінде асыл тастар, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және келіседі;
Комитеттің аумақтық департаменттерінің қызметіне, оның ішінде жергілікті жерге барып мониторинг жүргізеді;
комитет басшылығы үшін Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттар, ұсыныстар, анықтамалар дайындауды жүзеге асырады;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес береді және әдістемелік көмек көрсетеді;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық, өңірлік ұйымдардың және олардың техникалық комиссиялары мен комитеттерінің жұмысына қатысады.
Міндеті: Басқарманың құзыреті шегіндегі өзге де мәселелер.
Функциялар:
1) комитет басшылығы үшін Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттар, ұсыныстар, анықтамалар дайындауды жүзеге асырады;
2) семинарлар, кеңестер өткізуді ұйымдастыруға, сондай-ақ мамандарды даярлауға, оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға қатысады;
3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;;
4) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес береді және әдістемелік көмек көрсетеді.
5) құқықтық актілердің және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамаға ұсыныстар әзірлеуге қатысады.
Құқықтары мен міндеттері:
Қойылған міндеттер мен жүктелген функцияларды орындау үшін басқарма Комитет басшылығымен келісім бойынша құқылы:
Мемлекеттік органдардың, Комитет басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мамандарын тарту;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, сондай-ақ халықаралық, өңірлік ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік ету;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметінде заңдылықты сақтау жөніндегі қызметті үйлестіру;
Комитеттің басқармалары мен ұйымдарынан, мемлекеттік органдардан, қоғамдық ұйымдардан және шаруашылық жүргізуші субъектілерден Басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті материалдарды сұрату және алу;
5) Басқарманың құзыреті шегінде Комитеттің жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерінің орындалуын бақылау;
6) Басқарманың құзыреті шегінде экономикалық жоспарлау, бюджеттік қаражаттарды негіздеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу;
7) аумақтық департаменттер мен ведомстволық бағынысты кәсіпорындар қызметіне мониторинг жүргізу;
8) мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша орталық атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілермен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға міндетті;
9) жеке және заңды тұлғалардан заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді алуға құқылы;
10) комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының бекітуі үшін Комитеттің аумақтық департаменттерінің қызметіне бағалау жүргізу;
11) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелерінде тексерулер жүргізуге қатысу;
12) заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де НҚА-на сәйкес оның міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Мәселен, 2021 жылғы 21 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы 2019 жылғы 22 қарашадағы Келісім күшіне енді. Келісім Еуразиялық экономикалық одақ аумағында зергерлік бұйымдардың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының аумағында Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін үшінші елдерден әкелінген "Барыс басы" рәмізі мен "KZ" Қазақстан Халықаралық аббревиатурасы бейнеленген Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалық таңбасы болмаса, зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуге жол берілмейді.
Сондай-ақ бұйымдағы атаулы таңбаның және сынамалық таңбаның болмауы заңсыз дайындалған бұйымды сатып алу белгілерінің бірі болып табылады, сондай-ақ зергерлік және басқа да бұйымдарға ендірме ретінде қолдан жасалған материалдарды пайдаланған кезде жапсырмаларда осы тастың бағалы емес екендігі туралы ақпарат көрсетілуге тиіс.
Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасында көзделген зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және тәуекел дәрежесін бағалаудың бекітілген критерийлеріне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау және субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.