Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік бақылау қорытындысы

 

  2021 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментімен (Департамент) барлығы - 44 тексеру жүргізілді, оның ішінде 15 – субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау, 13 – арыздар мен өтініштер бойынша жоспардан тыс тексеру, 3 - прокуратура талаптары бойынша, 13 - субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау қорытындылары бойынша берілген нұсқамаларды орындау бойынша.

              28 тексеруде Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзу фактілері анықталды, бұл тексерулердің жалпы санының 64% құрайды.     Бұдан басқа, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын сақтау мәніне Алматы қаласы және қала аудандарының прокуратурасымен 3 бірлескен тексеру жүргізілді:

              Нәтижесінде, барлық 3 жағдайда «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 19-бабын бұзу анықталды.

              Алматы қаласы және қала аудандары прокуратурасының заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынымдарға сәйкес «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 419-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес аталған мекемелердің лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды. Аталған лауазымды тұлғалар қысқартылған түрде айыппұл сомасының 50% - ын төледі.

              Тексеру нәтижелері бойынша 6 ай ішінде 132 - сәйкестік сертификаты, 40 - сәйкестік туралы декларация, 5 - менеджмент жүйесі сертификаттары, 51 - тексеру туралы сертификаттар қайтарылып алынды және қолданысы тоқтатылды, барлығы – 511 өлшем құралдары, оның ішінде қолдануға жарамсыз – 344 бірлік, сондай-ақ, 787 590 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салумен сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы – аудиторлардың 3 аттестаты 6 ай мерзімге тоқтатылды, 525 060 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салумен 6 ай мерзімге салыстырып тексеруші - өлшем құралдарының 2 аттестаты тоқтатылды, бұдан басқа, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Департаменттің қозғалған материалы негізінде «CT-KZ Эксперт» ЖШС сараптама ұйымының тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторға тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу үшін сараптама актілерін беру тәртібін бұзғаны үшін 6 ай мерзімге сарапшы - аудитор аттестатын тоқтата отырып, 29 170 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.

              Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп істеген жұмыс бойынша:

    Ағымдағы жылдың 6 айында Департаментке Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 287, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 266 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 500 бірлескен бұйрығын сақтамау бойынша 10 кәсіпорынға қатысты материалдар келіп түсті. «Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, Техникалық реттеу бөлігінде шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді сақтау қағидаларын бекіту туралы».

    Аталған материалдарды қарау нәтижелері бойынша тауарларды нарыққа сәйкестік сертификаттарынсыз шығаруға байланысты, осылайша «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32 - бабының 2 - бөлігін бұзып және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 415-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес 50% жеңілдікпен әрқайсысына 284 407 теңге 50 тиын, жалпы сомасы 3 602 495 теңге айыппұл салынды.

    Бүгінгі таңда салынған айыппұлдар мемлекеттік қазынаға түсті. 6 айдағы мемлекеттік бақылау қорытындысы бойынша Департамент жалпы сомасы 2 917 000 теңгеге әкімшілік айыппұл салу туралы 10 қаулы шығарды.

    2021 жылдың 6 айында әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы - 7 132 065 теңгені құрады.

 

Қатипа Джұманова,

ҚР СИМ техникалық реттеу және метрология  Комитетінің Алматы  қаласы бойынша  Департаментінің бөлім басшысы

Дата публикации
19 июля 2021
Дата обновления
19 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
техникалы реттеу
Хабарлама
09 января 2025
Конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыру
Ақпарат
08 января 2025
Техникалық реттеу саласындағы қорытындылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы