Пәтер иелеріне үйдің энергия тиімділігін арттыру үшін қосымша қаржылық міндеттеме жүктелмейді

Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Құрылтайдың пленарлық отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, ұсынылып отырған заңнамалық өзгерістер қазіргі тұрғын үй қорына қолданылмайды. Үйлердің қасбеті мен шатырын жылылау, ішкі инженерлік желілерін жаңғырту жұмыстары бұрынғыдай күрделі жөндеу аясында жүргізіледі. Бұл жұмыстарды жергілікті бюджеттен қайтарым шартымен қаржыландыруға болады. Жөндеу туралы шешімді меншік иелері жиналыста үйдің техникалық жай-күйі мен өздерінің қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып қабылдайды.
Күрделі жөндеу кезінде пәтер иелері өз қалауы бойынша энергия үнемдейтін материалдар мен технологияларды пайдалана алады. Қымбатырақ нұсқаны таңдаудан қосымша шығын туындаған жағдайда, меншік иелері оны жалпы жиналыста өзара келісіп, қай қаражат есебінен өтейтінін айқындайтын болады.