
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің негізгі міндеттері мен өкілеттіктері – архитектура, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтау және су бұру, жылумен қамтамасыз ету (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтарды қоспағанда) салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықБаспасөз релиздері
Барлық баспасөз релиздеріПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 12 қыркүйек 2022ИнфографикаМемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
- 11 тамыз 2022ИнфографикаҚазақстан жастарының тұрғын үй мәселелерін шешу туралы
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
11029 қыркүйек 2022«Ашық сағат алаңы»: Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаларға енгізілген түзетулерге сараптама жасалды
0125 мамыр 2022ИИДМ "Отбасы банкі” өкілдерімен бірлесіп жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға беруді субсидиялау бағдарламасын жүзеге асырып жатыр
0101 сәуір 2022Страны СНГ начнут рассчитываться китайским юанем? | В Казахстане перезапустили женскую ипотеку | Студия 7
Оқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиғаІске асырылып жатқан жобалар
Бағыт бойынша барлық жобаҰйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 64-5-бабының 1-тармағына сәйкес аккредиттелген сараптама ұйымдары, осы Заңның 64-4-бабының 1-тармағында көзделген жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізеді.
Жауапкершілік деңгейін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) басшылыққа алу қажет.
Көрсетілген Қағидалардың 9-тармағына сәйкес жобаланатын объектінің жауапкершілік деңгейін жаңа және (немесе) қолданыстағы объектілерді өзгертуді (реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реставрациялау, күрделі жөндеуді) қоса алғанда, тапсырыс беруші айқындайды.
Қағидалардың 10-тармағына сәйкес, құрылысқа белгіленген объектінің жауапкершілік деңгейін жобалау процесінде конструкцияларды (конструкциялық схемаларды) есептеу нәтижелері бойынша, есептеулер, жүктемелер мен әсерлер жөніндегі негізгі ережелерді айқындайтын мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтермен белгіленетін негіздер мен құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша жобаны әзірлеуші (бас жобалаушы) нақтылайды.


