Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Заңына сәйкес бұл азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер) ретінде пайдаланылуы не кейіннен бейіні өзгертіліп пайдаланылуы мүмкін өнім мен технологиялар
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын қазіргі заманғы әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен), әскери мақсаттағы жұмыстармен және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;
2) мемлекетте қорғаныс қабілетін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті арттыру және нығайту мүдделерінде қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың қазіргі заманғы түрлерін жасауды қамтамасыз ету;
3) қолданбалы зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту және оларды одан әрі коммерцияландыру болып табылады.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс – мемлекетте қорғаныс мұқтаждары, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі, мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру, ғарыш қызметі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін (номенклатурасын) бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі.