Жиі қойылатын сұрақтар
«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес натрий циандиді экспорттық бақылауға жататын өнімге жатады. «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №300 Заңының 9-бабына сәйкес өнімнің экспорты мен импорты лицензия негізінде қорғалады.
Тауарыңыздың лицензиялауға жататыны не болмаса жатпайтынын анықтау үшін eliсense.kz порталында «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызметті алу үшін жүгіну қажет.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысымен бекітілген Қағидалармен регламенттелген.
Қажетті нормативтік-құқықтық актіні әзірлеу үшін әзірлеуші мемлекеттік органның атына мынадай ақпаратты ұсыну қажет:
- Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу қажеттілігінің негіздемесі;
- Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қаулы жобасын қабылдау қажеттілігін негіздеу үшін ұсынылатын көрсеткіштер мен мәліметтердің тізбесі;
- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу қажеттілігінің негіздемесі болып табылатын өзге де құжаттар (материалдар) мен мәліметтер.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде екі жылдан аспайтын мерзімге ұлттық режимнен алып қоюды белгілеуге құқылы.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімді беретін және тиісті тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алатын орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, олардың ведомстволары.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым және заңды тұлға.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайда.
Бақылауды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығының әскери өкілдіктері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
Қорғаныстық тапсырысты орындауға шарттар жасасу жөніндегі рәсімдер қорғаныстық тапсырыс бекітілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
1) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 18 наурыздағы №236-VI Заңы.
2) «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
14 қазандағы №759 қаулысы.
3) «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
17 қазандағы №772 қаулысы.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, орталық атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың меморандумдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен міндеттемелеріне сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың өтінімдері бойынша қалыптастырылады.