
Жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы

Жұмылдыру - бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын соғыс жағдайы режиміне немесе олардың қандай да бір бөлігін ауыстыруға байланысты жалпы мемлекеттік іс-шаралар кешені.
Жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы бұл Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жоспарлау мен қолдану, олардың қажетті санын айқындау, салу, дайындау және талап етілетін деңгейді ұстау, бұл бейбіт уақытта жүргізілетін және соғыс уақытында мемлекетті орнықты басқаруға, ел экономикасын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдары мен халқының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, елдің қарулы қорғанысы мен қорғанысына бағытталған іс-шаралар кешенін, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша:
1. Қазақстан Республикасының Президенті:
- жарлықтар мен өкімдер шығарады;
- Қазақстан Республикасында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды;
- жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қояды;
- Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген жағдайда республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде соғыс жағдайын енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялайды және бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды.
2. Қазақстан Республикасының Құрұлтайы:
- заңдар мен қаулылар қабылдайды;
- жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды қаржыландыру бөлігінде республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, бекітеді;
- Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарын (келісімдерін) ратификациялайды және олардың күшін жояды;
- соғыс және бейбітшілік мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
- Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемі бойынша ұсыныстарды қалыптастыруға қатысады;
- Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру ережесінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығын бағалауды жүзеге асырады және жыл сайын бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндайды;
- жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізеді; - әскери міндеттілерді броньдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
- мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар етуді және жеткізуді, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жинау пункттеріне немесе әскери бөлімдер мен арнаулы мемлекеттік органдарға техника жеткізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 17 желтоқсан 2024Пайдалы ақпаратЖергілікті әскери басқару органдары
- 26 желтоқсан 2019Пайдалы ақпаратӘскери ант
- 18 қазан 2019БағыттарЖауынгерлік және жұмылдыру дайындығы
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея- 13013 қараша 20251500-ден аса жас десантшы әскери ант берді
23007 маусым 2023Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери бөлімдерінде әскерге шақырылушылар Отанына адал болуға ант қабылдауда
11023 тамыз 2021Тактикалық мерген. Квалификациялық ату
Оқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиға
өтіп кеттіӘуе күштері күні02 шілде 2023Хабарландыру
Іске асырылып жатқан жобалар
Бағыт бойынша барлық жобаҰйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруКөрсетілген талаптар ҚР Қорғаныс министрінің 24.01.2017 жылғы № 28 бұйрығымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу қағидаларының 66-тармағымен шартталған, оларға сәйкес жұмысқа қабылдау әлеуетті қызметкерлердің әскери есебінде тұрған жағдайда ғана мүмкін болады.
Көптеген заңды тұлғалардың кадр органдарының қызметкерлері 2023 жылдың қараша айынан бастап тіркеу туралы куәліктерді беру толығымен жойылғанын білмейді, ал әскери билеттер тек әскери немесе Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарда кемінде 12 ай қызмет өткерген адамдарға беріледі.
Бұл ретте, әскери есепке алу туралы мәліметтер әрбір азаматқа "E-Gov" порталындағы "жеке кабинетте" және ақпарат көрсетілетін "M-Gov" қосымшасында қолжетімді:
1. Әскери қызметке қатынасы туралы.
2. Әскери қызмет өткеру кезеңдері туралы.
3. Әскери есептегі жай-күйдің ЖӘБО атауы.
Сонымен қатар, заңды тұлғаларда әскери есепке алуды жүргізу процесін автоматтандыру мақсатында Министрліктің ақпараттық жүйесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" ақпараттық жүйесімен интеграциялау жүргізілді.
Нәтижесінде жұмыс берушілер жұмысқа қабылданатын азаматтың жеке ісін қалыптастыру кезінде әскери есепке алу (әскери қызметке қатысы, әскери есепке алу орны, әскери атағы, Әскери қызмет өткеру кезеңдері) туралы мәліметтерді ала алады.
Жоғары оқу орнындағы оқуды, ЖОО жанындағы әскери кафедраны аяқтағаннан кейін, Сіз запастағы офицер ретінде жұмылдыру резервіне тіркелесіз.
Сізге берілген офицерлер құрамының «запастағы лейтенант» әскери атағын ескере отырып, Сіз 12 ай мерзіммен мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатпайсыз.
Запастағы офицер ретінде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес Сіз 24 ай мерзіммен офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызметке шақыртылуыңыз мүмкін.
Запастағы офицерлер құрамындағылар үшін келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру тәртібі:
1. Тіркеу немесе әскери есеп бойынша жергілікті әскери басқару органына жүгініңіз.
2. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттар үшін көзделген іріктеу іс-шараларынан өтіңіз.
3. Іріктеу іс-шараларынан табысты өткеннен кейін біліміңіз бен әскери-есептік мамандығыңызды ескере отырып, Сізді офицерлер құрамы лауазымына бойынша әскери қызметке тағайындау туралы бұйрықтың шығаруылуын күтіңіз.
4. Тағайындау туралы бұйрық шығарылғаннан кейін Сізбен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалады.
Егер белгіленген талаптарға сәйкес келсеңіз, Сіз келісімшарт бойынша әскери қызметке кіре аласыз.
1. Кіру үшін негізгі талаптар:
1. Азаматтығы және жасы
· Қазақстан Республикасының азаматы;
· 19 жастан бастап нақты әскери атақ пен лауазым үшін белгіленген шекті жасқа дейін.
2. Білімі:
· кемінде орта немесе кәсіби орта;
· офицерлер лауазымдары үшін жоғары білім, сондай-ақ запастағы офицерлерге арналған бағдарлама бойынша әскери дайындықтан өтуі.
3. Дене дайындығы және психикалық салауаттылығы:
· медициналық куәланадырумен расталған денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы;
· психологиялық және кәсіби іріктеуден өту.
4. Кедергілердің болмауы:
· соттылығының немесе қозғалған қылмыстық істердің болмауы;
· соңғы жыл бойы сыбайлас жемқорлық немесе қасақана құқық бұзушылықтардың болмауы;
· келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін бекітілген шектеулерді қабылдауға әзірлігі.
Түсу рәсімі:
1. өтініш беру:
· жергілікті әскери басқару органына немесе әскерге шақырылғыңыз келетін әскери бөлімге тікелей жүгініңіз.
2. Тексерулерден өту:
· медициналық куәландыру;
· дене дайындығын тексеру;
· психологиялық тестілеу;
· арнайы тексеру, оның ішінде мемлекеттік құпияға рұқсат беру үшін тексеру (қажет болған жағдайда);
3. Кандидатураны қарау:
· іріктеу комиссиясы кандидаттың белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды.
4. Келісімшарт жасасу.



