Жиі қойылатын сұрақтар
Әскери қызмет өткеру туралы заңнаманың белгіленген талаптары ескеріле отырып, 18 жастан 52 жасқа дейінгі адам қайтадан оқуға түсуі мүмкін, барлығы сол адамның әскери атағына байланысты.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 38-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес запастағы азаматтарда бар әскери атақтарды ескере отырып, олар мынадай жастарға жеткенге дейін келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіре алады:
қатардағы және кіші сержанттық құрам 32,5 жасқа дейін;
кiшi офицерлiк және аға сержанттық құрам 37 жасқа дейiн;
аға офицерлер құрамы майор 42 жасқа дейiн, подполковник 43 жасқа дейiн, полковник 50 жасқа дейiн;
жоғары сержанттар құрамы штаб-сержант және шебер сержант 50 жасқа дейін.
Бұдан басқа, егер бұрынғы қызмет өткеру кезеңiнде кемiнде он екi жыл және алты ай еңбек сiңiрген жылдары болса, мұндай адам мынадай жастарға жеткенге дейін келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіре алады:
қатардағы және кіші сержанттық құрам 42 жасқа дейін;
кiшi офицерлiк және аға сержанттық құрам 44 жасқа дейiн;
аға офицерлер құрамы майор 44 жасқа дейiн, подполковник 45 жасқа дейiн, полковник 52 жасқа дейiн;
жоғары сержанттар құрамы штаб-сержант және шебер сержант 52жасқа дейін.
Сілтеме: Заңның 38-бабы, 1-тармағы, 3) тармақшасы
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1200000561
Бос лауазымдардың бар-жоғы туралы ақпаратты әскери басқарудың жергілікті органдарынан (департамент, басқарма немесе әскери істер жөніндегі бөлім) және әскери бөлімдерден (мекемелерден) алуға болады, онда белгіленген талаптарға сай болған жағдайда әскери қызметке қабылдау туралы мәселе қаралады.
Егер белгіленген талаптарға сәйкес келсеңіз, Сіз келісімшарт бойынша әскери қызметке кіре аласыз.
1. Кіру үшін негізгі талаптар:
1. Азаматтығы және жасы
· Қазақстан Республикасының азаматы;
· 19 жастан бастап нақты әскери атақ пен лауазым үшін белгіленген шекті жасқа дейін.
2. Білімі:
· кемінде орта немесе кәсіби орта;
· офицерлер лауазымдары үшін жоғары білім, сондай-ақ запастағы офицерлерге арналған бағдарлама бойынша әскери дайындықтан өтуі.
3. Дене дайындығы және психикалық салауаттылығы:
· медициналық куәланадырумен расталған денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы;
· психологиялық және кәсіби іріктеуден өту.
4. Кедергілердің болмауы:
· соттылығының немесе қозғалған қылмыстық істердің болмауы;
· соңғы жыл бойы сыбайлас жемқорлық немесе қасақана құқық бұзушылықтардың болмауы;
· келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін бекітілген шектеулерді қабылдауға әзірлігі.
Түсу рәсімі:
1. өтініш беру:
· жергілікті әскери басқару органына немесе әскерге шақырылғыңыз келетін әскери бөлімге тікелей жүгініңіз.
2. Тексерулерден өту:
· медициналық куәландыру;
· дене дайындығын тексеру;
· психологиялық тестілеу;
· арнайы тексеру, оның ішінде мемлекеттік құпияға рұқсат беру үшін тексеру (қажет болған жағдайда);
3. Кандидатураны қарау:
· іріктеу комиссиясы кандидаттың белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды.
4. Келісімшарт жасасу.
Жоғары оқу орнындағы оқуды, ЖОО жанындағы әскери кафедраны аяқтағаннан кейін, Сіз запастағы офицер ретінде жұмылдыру резервіне тіркелесіз.
Сізге берілген офицерлер құрамының «запастағы лейтенант» әскери атағын ескере отырып, Сіз 12 ай мерзіммен мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатпайсыз.
Запастағы офицер ретінде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес Сіз 24 ай мерзіммен офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызметке шақыртылуыңыз мүмкін.
Запастағы офицерлер құрамындағылар үшін келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру тәртібі:
1. Тіркеу немесе әскери есеп бойынша жергілікті әскери басқару органына жүгініңіз.
2. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттар үшін көзделген іріктеу іс-шараларынан өтіңіз.
3. Іріктеу іс-шараларынан табысты өткеннен кейін біліміңіз бен әскери-есептік мамандығыңызды ескере отырып, Сізді офицерлер құрамы лауазымына бойынша әскери қызметке тағайындау туралы бұйрықтың шығаруылуын күтіңіз.
4. Тағайындау туралы бұйрық шығарылғаннан кейін Сізбен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалады.
Көрсетілген талаптар ҚР Қорғаныс министрінің 24.01.2017 жылғы № 28 бұйрығымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу қағидаларының 66-тармағымен шартталған, оларға сәйкес жұмысқа қабылдау әлеуетті қызметкерлердің әскери есебінде тұрған жағдайда ғана мүмкін болады.
Көптеген заңды тұлғалардың кадр органдарының қызметкерлері 2023 жылдың қараша айынан бастап тіркеу туралы куәліктерді беру толығымен жойылғанын білмейді, ал әскери билеттер тек әскери немесе Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарда кемінде 12 ай қызмет өткерген адамдарға беріледі.
Бұл ретте, әскери есепке алу туралы мәліметтер әрбір азаматқа "E-Gov" порталындағы "жеке кабинетте" және ақпарат көрсетілетін "M-Gov" қосымшасында қолжетімді:
1. Әскери қызметке қатынасы туралы.
2. Әскери қызмет өткеру кезеңдері туралы.
3. Әскери есептегі жай-күйдің ЖӘБО атауы.
Сонымен қатар, заңды тұлғаларда әскери есепке алуды жүргізу процесін автоматтандыру мақсатында Министрліктің ақпараттық жүйесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" ақпараттық жүйесімен интеграциялау жүргізілді.
Нәтижесінде жұмыс берушілер жұмысқа қабылданатын азаматтың жеке ісін қалыптастыру кезінде әскери есепке алу (әскери қызметке қатысы, әскери есепке алу орны, әскери атағы, Әскери қызмет өткеру кезеңдері) туралы мәліметтерді ала алады.