Логотип

Меню

Страницы

Статья

Жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы

Жұмылдыру - бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын соғыс жағдайы режиміне немесе олардың қандай да бір бөлігін ауыстыруға байланысты жалпы мемлекеттік іс-шаралар кешені.

Жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы бұл Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жоспарлау мен қолдану, олардың қажетті санын айқындау, салу, дайындау және талап етілетін деңгейді ұстау, бұл бейбіт уақытта жүргізілетін және соғыс уақытында мемлекетті орнықты басқаруға, ел экономикасын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдары мен халқының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, елдің қарулы қорғанысы мен қорғанысына бағытталған іс-шаралар кешенін, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша:

1. Қазақстан Республикасының Президенті:

  • жарлықтар мен өкімдер шығарады;
  • Қазақстан Республикасында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды;
  • жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қояды;
  • Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген жағдайда республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде соғыс жағдайын енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялайды және бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды.

2. Қазақстан Республикасының Парламенті:

  • заңдар мен қаулылар қабылдайды;
  • жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды қаржыландыру бөлігінде республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарын (келісімдерін) ратификациялайды және олардың күшін жояды;
  • соғыс және бейбітшілік мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.

3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

  • Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемі бойынша ұсыныстарды қалыптастыруға қатысады;
  • Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру ережесінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығын бағалауды жүзеге асырады және жыл сайын бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндайды;
  • жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
    командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізеді;
  • әскери міндеттілерді броньдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
  • мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;
  • тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар етуді және жеткізуді, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жинау пункттеріне немесе әскери бөлімдер мен арнаулы мемлекеттік органдарға техника жеткізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Дата публикации
18 октября 2019
Дата обновления
18 октября 2019
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
28 сентября 2026
Тегін педагогикалық қайта даярлау өтуге ниет білдірген, Қарулы Күштер қатарынан шығарылатын жататын әскери қызметшілердің тізімі
Ақпарат
24 июня 2026
Ақысыз педагогикалық қайта даярлаудан өтуге ниет білдірген, Қарулы Күштер қатарынан шығаруға жататын әскери қызметшілердің тізімі
Біз туралы БАҚ
11 мая 2026
"Қоғам үні" бағдарламасы 11.05.2026ж

Социальные медиа

Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы