Құрылым
Әскери оқу орындары
ҚР Ұлттық қорғаныс университеті
![]() |
ҚР ҚК Әскери академиясы 1997 жылғы 11 ақпандағы № 3353 «Алматы жоғары әскери училищесін ҚР ҚК Әскери академиясына қайта құру туралы» ҚР Президентінің Жарлығымен құрылды. Жауынгерлік Ту 1997 жылы 25 сәуірде армия генералы М. Қ. Алтынбаевпен табысталды. |
Бастық:
Абжанов Бауржан СадыкұлыҚұрлық әскерлерінің Әскери институты
![]() |
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты 1970 жылы құрылған Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің негізінде қызмет атқаруда. |
Бастық:
Нұржанов Ербол ЕралыұлыҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты
![]() |
1995 жылы Азаматтық авиация академиясы жанынан әскери факультет ашу туралы шешім қабылданды. Әскери факультет ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша мамандар даярлауда ерекше рөл атқарды. 2001 жылы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1330 қаулысымен ААА жанындағы әскери факультет толыққанды әскери ЖОО – Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты (РЭжБӘИИ) болып қайта құрылды. Осылайша, РЭжБӘИИ қазіргі таңда Орта Азияның посткеңестік республикаларында радиотехникалық мамандықтар бойынша офицер-инженерлер даярлайтын тұңғыш және жалғыз әскери жоғары оқу орны саналады. |
Бастық:
Кабаков Нұртас ДәулетұлыӘуе қорғаныс күштерінің Әскери институты
![]() |
Институттың негізгі мақсаты біліктілік сипаттамаларының талаптарына сай ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштеріне, ҚР ІІМ министірлігінің авиациясына және ҚР ҰҚК авияциялық қызметіне офицерлік құрамына білікті кадрларды даярлау, сондай-ақ Әуе қорғаныс күштерінің командалық және инженерлік құрамының офицерлерінің біліктілігін арыттыру және қайта даярлау. |
Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі
![]() |
Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі - техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша кіші командалық құрамды даярлауды жүзеге асыратын әскери оқу орны болып табылады |
Бастық:
Тулеушев Ғазиз ӘуесханұлыҚР ҚМ «Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжі»
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін орта буын мамандарын даярлау мақсатында әскери мамандықтар бойынша негізгі орта және қосымша білім беру базасында техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады. |
ҚР ҚМ Батыр Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі
![]() |
«Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебі» республикалық мемлекеттік мекемесі білім беру, тәрбиелеу, әлеуметтік-мәдени функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады. |
Бастық:
Ақпанбеков Берден ҒұзыханұлыҚР ҚМ Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледжі
![]() |
1984 жылғы 27 маусымдағы №278-20 Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің шешімімен қазақ ұлтының жастарын әскери мамандыққа бейімдеу және оларды әскери оқу орындарына түсуге даярлау мақсатында орыс тілін тереңдетіп оқытатын әрі әскери-дене дайындығы күшейтілген Қарағанды республикалық мамандандырылған мектеп-интернаты болып құрылды. |
Бастық:
Байкенов Хамит БақдәулетұлыШоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжі
![]() |
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін орта буын мамандарын даярлау мақсатында әскери мамандықтар бойынша негізгі орта және қосымша білім беру базасында техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады. |
Бастық:
Габдрахов Айбек Аймырзаұлы






