Құрылым
ҚР ҚК Қолбасшыларының басқармалары
"Астана" өңірлік қолбасшылығы
Ақмола, Қарағанды, Қостанай және СолтүстікҚазақстан облыстары әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылықтың штабы Қарағанды қаласында орналасқан.
Қолбасшы:
Өсербаев Бағлан Әбдіжәлелұлы"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы
2003 жылы құрылған. Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облысында әкімшілік тұрғыда шекараландырылған. Штаб қолбасшылығы Тараз қаласында орналасқан.
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы
2003 жылы құрылған. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Семей қаласында орналасқан.
"Батыс" өңірлік қолбасшылығы
2003 жылы құрылған. БатысҚазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылықтың штабы Атырау қаласында орналасқан.
Қолбасшы:
Кәрібаев Нұрлан СерікбайұлыҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлері
Десанттық-шабуылдау әскерлері – ел Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының резерві.
Қолбасшы:
Гусейнов Махсут Құрманалиұлы