Жиі қойылатын сұрақтар
Қазіргі уақытта сиыр етін келесі елдерге экспорттауға арналған ветеринариялық талаптар мен ветеринариялық сертификаттар келісілді:
- Қытайға: сиыр еті, қой еті,
- Иранға: мұздатылған және тоңазытылған қой еті, сиыр еті, ҰММ субөнімдері,
- ТМД елдеріне: сиыр еті, қой еті, шошқа еті, құс еті;
- Біріккен Араб Әмірліктеріне-ет және ет өнімдері, тауық жұмыртқасы және үй құсы;
- ЕАЭО - ға мүше мемлекеттерге-сиыр еті, қой еті, шошқа еті, құс еті.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы аумағында ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын тіркеу үшін келесідегідей нормативтік құқықтық актілер бекітілген:
1.Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/625 бұйрығы;
2.Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығы;
3.Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/31 бұйрығы.
Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы №7-1/625 бұйрығының 2 қосымшасына сәйкес өтініштің формасын қарап, жүктеп алуға болады.
Қазіргі уақытта өтінім беруден бастап нәтижесін алғанға дейін толық автоматтандыру енгізілді, сондай-ақ тауар өндіруші өзінің АТЖ-дағы автоматтандырылған жұмыс орны арқылы (АЖО) берген өтінімінің мәртебесін қадағалауға мүмкіндігі бар.
Осылайша, өтінім беру "электрондық үкімет" веб-порталының САЖ-бен (https://subsidy.plem.kz/) өзара іс-қимылы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.
Толық ақпаратпен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017320 сілтемесіне өту арқылы танысуға болады.
Субсидия отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге беріледі.
Бұл ретте,субсидиялар тауар өндірушілерге Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында көрсетілген субсидия алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қойылатын барлық талаптар мен өлшемшарттарға сай келген кезде төленеді.
Субсидия алуға қойылатын талаптар мен өлшемшарттармен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017320 сілтемесіне өту арқылы танысуға болады немесе Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде (САЖ) (https://subsidy.plem.kz/) субсидиялауға қатысты барлық ақпарат ашық қол жетімділікте орналасқан.
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық шарттарында, сондай-ақ импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметтерінің талаптарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
Заңның және осы Қағидалардың талаптары сақталған кезде карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге импорттаушы елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес тиісті аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) беретін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификат болған кезде рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкетілетін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйінің карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін бастапқы тиеп-жөнелту орындарында және қайталама - теңіз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, темір жол станцияларында, почта операторларының өндірістік объектілерінде, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезінде өзге де объектілерде импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары куәландырады.
Морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге, бөтен текті түрлерге ұқсас организмдер, өсімдіктер ауруларының белгілері, карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік объектілермен, бөтен текті түрлермен залалдану белгілері анықталған кезде, үлгілер зиянкестердің, өсімдіктер ауруларының және арамшөптердің түрлік құрамын анықтау үшін зертханалық сараптамаға жіберіледі, олардың нәтижелері бойынша осы өнімді пайдалану шарттарын жаза отырып, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі жасалады.
Жүкті қайта тиемей әкету кезiнде шекаралық пунктте және фитосанитариялық бақылау бекетінде тиеп-жөнелту орнынан берiлген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн ғана қадағалау жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі Қағидалардың 25-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген «карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алу үшін жеке немесе заңды тұлға» электрондық үкімет веб-порталы арқылы тиісті аумақтық бөлімшеге жүгінеді. www.egov.kz не аумақтық бөлімшенің кеңсесі арқылы не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы ұсынады:
1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжат (аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Портал арқылы жүгінген кезде жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтерді аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) және көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет"шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беруге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
1) заявление на получение фитосанитарного сертификата на вывоз подкарантинной продукции за пределы Республики Казахстан по форме согласно приложению 7 к настоящим Правилам;
2) документ, удостоверяющий личность, и (или) документ, удостоверяющий полномочия представителя услугополучателя (требуется для идентификации личности при обращении в канцелярию территориального подразделения (услугодателя) и Государственную корпорацию).
При обращении через портал сведения о документе, удостоверяющем личность физического лица, о регистрации (перерегистрации) юридического лица, регистрации индивидуального предпринимателя, либо о начале деятельности в качестве индивидуального предпринимателя территориальное подразделение (услугодатель) и услугополучатель получают из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".
Перечень основных требований к выдаче фитосанитарного сертификата на вывоз подкарантинной продукции за пределы Республики Казахстан, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения изложены в стандарте государственной услуги "Выдача фитосанитарного сертификата на вывоз подкарантинной продукции за пределы Республики Казахстан" согласно приложению 8 к настоящим Правилам.
Өсімдіктерді қорғау саласында мемлекеттік қолдау тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген республикалық бюджет есебінен үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу түрінде жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, егістікті зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерден қорғау үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер пестицидтерінің құнын субсидиялау көзделген.
Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттің азық-түлік қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету;
3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.
Биологиялық зат (тар) негізіндегі пестицидтің өндірістік және ұсақмөлдекті сынақтары бір жылда (бір вегетациялық маусымда) жүргізіледі.
Белгілі әсер етуші заттары бар пестицидтер, оның ішінде құрамдастырылған препараттар үшін тіркелген пестицидтерді пайдалану (қолдану) - 24 айды (2 толық вегетациялық маусымды);
биологиялық зат (тар) негізіндегі пестицидтерді қоспағанда, жаңа әсер етуші зат(тар)ы бар пестицидтер үшін - 36 айды (3 толық вегетациялық маусымды).