Жиі қойылатын сұрақтар
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, тексеру, бақылау субъектісіне барып және бармай профилактикалық бақылау жүргізу түрінде жүзеге асырылады.
Анықтама ретінде: Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша профилактикалық бақылау бойынша мемлекеттік асыл тұқымды мал шаруашылығы инспекторлары 320 шаруашылықты тексеріп, 84 ұсыным берді. Сондай-ақ, Қазақтың ақбас тұқымының Республикалық палатасына барып профилактикалық бақылау жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқама берілді. Қазіргі уақытта бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жарты жылдыққа арналған тізімі қалыптастырылды. Тізімге 33 субъект кіргізілді. Тізім Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланған.
2025 жылғы сәуір айынан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметтерінің құнын субсидиялау функциясын Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі жүзеге асырады.
Аталған мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы №147-НҚ бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметтерінің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
Сонымен қатар, су үнемдеу суару технологияларын енгізуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін субсидиялау да Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігімен жүзеге асырылады. Бұл шара Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 26 маусымдағы №153-НҚ бұйрығымен бекітілген Су үнемдеу суару технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші шеккен шығындардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес іске асырылады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 35) тармақшасына сәйкес аталған мәселелер Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің құзыретіне жатады.
Осыған байланысты көрсетілген субсидиялау түрлеріне қатысты барлық мәселелер бойынша, оның ішінде субсидия беру тәртібі, қатысу шарттары, осы мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын алу жөнінде Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне жүгінуді ұсынамыз.
Қате енгізілген деректерді түзету үшін мемлекеттік қызмет алушылар СМАЖ-де субсидиялауға өтініш беру кезінде электрондық шот-фактуралардың құлпын ашу үшін жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамыту басқармаларына жүгінеді.
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамыту басқармаларының басшыларына қызмет алушының өтініші бойынша субсидия алмаған жағдайда электрондық шот-фактураларды құлпын ашу функционалы берілген.
Несие өнімдеріне өтінімдерді қабылдау «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ филиалдары және өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары арқылы жүзеге асырылады.
БАРЛЫҚ ФИЛИАЛДАР ҮШІН БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ - 1408
ФИЛИАЛДАРДЫҢ БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ
«АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ
Абай облысы
Мекенжай: Семей қ., Қайым Мұхамедханов к-сі, 23А,
"Өрлеу" іскерлік орталығы Телефон: +7 (775) 007-68-25
Ақмола облысы
Мекенжайы: Көкшетау қ., Абай к-сі, 96
Телефон: +7 (775) 007-68-18
Ақтөбе облысы
Мекенжайы: Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан д-лы, 77
Телефон: +7 (775) 007-68-19
Алматы облысы
Мекенжайы: Қонаев қ., Қонаев д-лы, 18Г
Телефон: +7 (775) 007-68-24
Алматы қ.
Мекенжайы: Алматы қ., Жандосов к-сі, 136
Телефон: +7 (775) 007-68-22
Астана қ.
Мекенжайы: Астана қ., Тұран д-лы, 19/1, «Эдем» БО
Телефон: +7 (775) 007-68-11
Атырау облысы
Мекенжайы: Атырау қ., Қ. Сәтпаев к-сі, 13А
Телефон: +7 (775) 007-68-30
Шығыс Қазақстан облысы
Мекенжайы: Өскемен қ., Өтепов к-сі, 25/1
Телефон: +7 (775) 007-68-16
Жамбыл облысы
Мекенжайы: Тараз қ., Төле би д-лы, 93А
Телефон: +7 (701) 006-12-18
Жетісу облысы
Мекенжайы: Талдықорған қ., Назарбаев д-лы, 77 ғимарат
Телефон: +7 (775) 007-68-23
Батыс Қазақстан облысы
Мекенжайы: Орал қ., Мұхит к-сі, 27/2
Телефон: +7 (775) 007-68-27
Қарағанды облысы
Мекенжайы: Қарағанды қ., Бұқар жырау д-лы, 53/1
Телефон: +7 (775) 007-68-21
Қостанай облысы
Мекенжайы: Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 39
Телефон: +7 (775) 007-68-29
Қызылорда облысы
Мекенжайы: Қызылорда қ., Қорқыт Ата к-сі, 123
Телефон: +7 (775) 007-68-26
Маңғыстау облысы
Мекенжайы: Ақтау қ., 29-шы шағын аудан, 225 ғимарат
Телефон: +7 (775) 007-68-12
Павлодар облысы
Мекенжайы: Павлодар қ., Луговая к-сі, 16
Телефон: +7 (775) 007-68-14
Солтүстік Қазақстан облысы
Мекенжайы: Петропавл қ., Евгений Брусиловский к-сі, 60А
Телефон: +7 (775) 007-68-15
Түркістан облысы
Мекенжайы: Түркістан қ., Жаңа қала шағын ауданы, 9-шы к-с, 36А үй
Телефон: +7 (775) 007-68-17
Ұлытау облысы
Мекенжайы: Жезқазған қ., Ғарышкерлер бульвары, 40А үй
Телефон: +7 (775) 007-68-24
Шымкент қ.
Мекенжайы: Шымкент қ., Қонаев д-лы, 15/2 үй, Албан БО
Телефон: +7 (775) 007-68-13
ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Абай облысы
«Семей» ӘКК» АҚ
Мекенжай: 071400, Абай облысы, Семей қаласы, Абай көшесі, 97.
Телефон: +7 (7222) 36-10-11.
Ақмола облысы
«KOKSHE» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 32.
Телефон: +7 (7162) 91-16-14.
Ақтөбе облысы
«Ақтөбе» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 103А.
Телефон: +7 (7132) 49-50-77.
Алматы облысы
«Қонаев» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Қонаев қаласы, Құрманғазы көшесі, 31.
Телефон: +7 (727) 727-97-00.
Алматы қаласы
«Алматы» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303.
Телефон: +7 (727) 225-18-91.
Астана қаласы
«Astana» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 22А.
Телефон: +7 (7172) 55-29-92.
Атырау облысы
«Атырау» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Атырау қаласы, Қаныш Сәтпаев даңғылы, 23Б.
Телефон: +7 (7122) 52-33-93.
Шығыс Қазақстан облысы
«Ертіс» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.
Телефон: +7 (7232) 700-114.
Жамбыл облысы
«Тараз» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Тараз қаласы, Қолбасшы Қойгелді көшесі, 173.
Телефон: +7 (7262) 555-075.
Жетісу облысы
«Жетісу» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, 113.
Телефон: +7 (7282) 32-97-20.
Батыс Қазақстан облысы
«AQJAIYQ» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Исатай-Махамбет көшесі, 84.
Телефон: +7 (7112) 93-31-49.
Қарағанды облысы
«Сарыарқа» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 4.
Телефон: +7 (7212) 980-353 (қабылдау бөлмесі).
Қостанай облысы
«Тобыл» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Қостанай қаласы, Чехов көшесі, 103, 2-қабат.
Телефон: +7 (7142) 56-82-02.
Маңғыстау облысы
«Caspiy» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 9А шағын ауданы, 7/1 ғимарат, «Бизнес Үйі».
Телефон: +7 (7292) 29-11-23.
Павлодар облысы
«Павлодар» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 166.
Телефон: +7 (7182) 65-03-05.
Солтүстік Қазақстан облысы
«Солтүстік» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Петропавл қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 69.
Телефон: +7 (7152) 50-08-30.
Түркістан облысы
«Түркістан» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көшесі, 20 ғимарат.
Телефон: +7 (72533) 5-92-95.
Ұлытау облысы
«Ұлытау» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Жезқазған қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 23.
Телефон: +7 (705) 469-52-98.
Шымкент қаласы
«Shymkent» ӘКК» АҚ
Мекенжай: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Байдібек би даңғылы, 126/1, «Қайнар» БО, 1-қабат.
Телефон: +7 (7252) 39-20-22.
Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде жайылымдық мал шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында «Жайлау» жаңа жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды.
«Жайлау» бағдарламасы 300 бас ірі қара мал немесе 1000 бас ұсақ мал ұстайтын жаңа мал шаруашылығы кәсіпорындарын құруға бағытталған. Бағдарлама аясындағы қаржыландыру жайылымдық мал шаруашылығының өндірістік инфрақұрылымын нығайтуға, өндірілетін өнім көлемін ұлғайтуға және ауылдық жерлерде қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
«Жайлау» бағдарламасының негізгі шарттары:
- жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 6%-дан аспайды;
- несиелеу мерзімі – 10 жылға дейін;
- қаржыландыру сомасы:
- ірі қара мал шаруашылығы үшін – 350 млн теңгеге дейін;
- ұсақ мал шаруашылығы үшін – 200 млн теңгеге дейін.
Сонымен қатар, «Игілік», «Береке» және «Айналым қаражатын толықтыру» бағдарламаларының қолданыс аясы кеңейтіліп, олардың мүмкіндіктері мал шаруашылығының басқа да бағыттарына (қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, омарташылық, шошқа шаруашылығы және марал шаруашылығы) таратылды.
«Игілік» және «Береке» бағдарламалары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жоғары өнімді асыл тұқымды малмен қамтамасыз етуге арналған жеңілдетілген қаржыландыруды көздейді. Бұл шаралар мал басын көбейтуге, табындардың генетикалық әлеуетін сапалы жаңартуға, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Игілік» бағдарламасы:
- 100-ден 499 басқа дейінгі импорттық ірі қара малды немесе 500-ден 999 басқа дейінгі ұсақ малды сатып алуға;
- импорттық немесе отандық асыл тұқымды жылқыны, түйені, шошқаны, араны және маралды сатып алуға;
- жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 6%-дан аспайды;
- несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін.
«Береке» бағдарламасы:
- 500 бастан жоғары импорттық ірі қара малды немесе 1000 бастан жоғары ұсақ малды сатып алуға;
- жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 6%-дан аспайды;
- несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін.
Бағдарлама талаптарының бірі – ауыл шаруашылығы саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Мал шаруашылығының бағыты мен түріне қарай негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша 12 айдан 30 айға дейінгі жеңілдікті кезең қарастырылған.
Несие алу шарттары туралы толығырақ ақпарат алу үшін «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ облыстық филиалдарына және облыстар әкімдіктерінің өңірлік ӘКК-не хабарласуға болады.
«Айналым қаражатын толықтыру» бағдарламасы:
- мал азығын, жемшөп қоспаларын, жанар-жағармай материалдарын, еңбекке ақы төлеу қорын, ветеринариялық препараттарды, жем дайындау және жем таратуға арналған техника мен жабдықтардың қосалқы бөлшектерін сатып алуға;
- жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 5%-дан аспайды;
- несиелеу мерзімі – 12 айға дейін.
Сонымен қатар, қаржыландыру арналары кеңейтіліп, жеңілдетілген талаптар мен шарттар белгіленген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) арқылы да қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылған.
Несие алу шарттары туралы толық ақпаратты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалдарынан немесе облыстар әкімдіктері жанындағы өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларынан (ӘКК) алуға болады.
Қазақстан Республикасының аумағында таралған аса ауіпті зиянды организмдердің тізбесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4‑4/282 бұйрығымен бекітілген "Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiнде" белгіленген.
Аталған бұйрыққа сәйкес тізбеге келесі аса қауіпті зиянды организмдер енгізілген:
1) Өсімдік зиянкестері:
- үйірлі шегіртке тектестер (азиялық, мароккалық және итальяндық прус);
- зиянды бақашық;
- астықтың сұр көбелегі;
- гессен шыбыны;
- астық қоңыздары;
- мақта көбелегі;
- өрмекші кене;
- саршұнақтар;
- тышқан тәрізді кеміргіштер;
- колорадо қоңызы;
- қырыққабат күйесі;
- шалғын көбелегі.
2) Дәнді дақылдардың аурулары (тат ауруы, септориоз).
Ветеринариялық препараттарды әкелуге Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарында тіркелген жағдайда рұқсат етіледі (тіркеусіз әкелуге тек сынақтар жүргізу үшін жол беріледі).
Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 24-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын өндіруге, әкелуге (импорттауға), өткізуге және қолдануға (пайдалануға) олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Тіркеу сынақтарын жүргізу үшін қажетті көлемде өндіру, әкелу (импорттау) жағдайлары бұған жатпайды. Мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №7-1/31 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.
Қызмет алушы өтінішті өндірілетін, сақталатын және өткізілетін ветеринариялық препараттар объектісі орналасқан Комитеттің аумақтық инспекциясына, сондай-ақ «Е-лицензиялау» порталы арқылы ұсынады.
Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №16-04/647 бұйрығымен бекітілген «Эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, тасымалданатын объектілерді экспорттауға, импорттауға және транзиттеуге рұқсат беру қағидалары» негізінде рұқсат қаралады. Рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттар топтамасына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары берген тіркеу куәлігі, өндіруші мен жөнелтуші туралы мәліметтер кіреді.
Эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, тасымалданатын объектілерді импорттауға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды. Ал тасымалданатын объектіні транзиттік тасымалдау үшін басқа мемлекеттердің қызметтерімен келісуді талап ететін рұқсат беру мерзімі – 30 (отыз) жұмыс күні).
«Еуразиялық экономикалық одақта өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитарлық бақылауға (қадағалауға) жататын карантинге жатқызылған өнімдердің (карантинге жатқызылған жүктердің, материалдардың, тауарлардың) тізбесі бекітілген.
Аталған тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясы, соның ішінде тұқымдық материал өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган тарапынан карантиндік фитосанитарлық бақылау мен қадағалауға жатады.
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 Заңының 13-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына мыналарды әкелуге тыйым салынады:
Экспорттаушы елдердің ұлттық карантин қызметтерінің фитосанитарлық сертификаттары жоқ фитосанитарлық қауіптілігі жоғары карантинге жатқызылған өнімді;
Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай карантиндік фитосанитарлық талаптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, карантиндік объектілермен және бөгде түрлермен зарарланған карантинге жатқызылған өнімді;
Топырақты, карантиндік объектілердің таралу ошақтары бар аймақтардан, өндіріс орындарынан және (немесе) учаскелерінен топырағы бар тірі тамырланған өсімдіктерді;
Өсімдік ауруларының қоздырғыштарын – тірі саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар культураларын, сондай-ақ өсімдіктерге зиян келтіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптердің тұқымдарын (уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда);
Оларға қатысты уақытша карантиндік фитосанитарлық шаралар енгізілген карантинге жатқызылған өнімді.
Осылайша, жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде карантинге жатқызылған өнім фитосанитарлық сертификатпен бірге жүруі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйрығының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Өсімдік қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес биологиялық препараттар пестицидтер ретінде жіктеледі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (шағын учаскелік және өндірістік) сынақтарын өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес мемлекеттік тіркелуге тиіс.
Пестицидтерді тіркеуді Комитет «Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидті, қауіптілігі төмен биологиялық препаратты уақытша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) шеңберінде «Е-лицензиялау» МДБ АЖ порталы арқылы жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде жүзеге асырады.
Қағидалардың 37-тармағына сәйкес, шағын учаскелік және өндірістік сынақтар, биологиялық, шаруашылық, токсикологиялық-гигиеналық және экологиялық бағалаулар жүргізілген, тіркеу досьесі алынған және қоршаған ортаны қорғау мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі алынған пестицидтер мемлекеттік тіркелуге тиіс.
Биологиялық заттар негізіндегі пестицидтерді тіркеу процесі 12 ай бойы (бір толық вегетациялық кезең) жүреді. Пестицидке берілетін тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі 10 (он) жылды құрайды. Қолданылу мерзімі өткеннен кейін пестицидті қайта тіркеу Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Пестицидтердің шағын учаскелік және өндірістік сынақтарын бекітілген жоспарларға сәйкес аккредиттелген орындаушы ұйымдар жүргізеді, бұл ретте оларды өткізу шығындарын тіркеуші (өтініш беруші) төлейді. Тіркеу сынақтарын орындаушы ұйымдардың тізбесін Комитет жыл сайын олардан түсетін өтінім-хаттар негізінде қалыптастырады.
Сонымен қатар, пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге қойылатын талаптар, соның ішінде процестің сипаттамасы, тіркеу куәлігін беру нысаны, мазмұны мен тәртібі, сондай-ақ өзге де мәліметтер Қағидаларда және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (жоғарыда аталған Қағидаларға 11-қосымша) баяндалғанын хабарлаймыз.
Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасының (бұдан әрі – ҚХР БКБ) Тізіліміне (Реестріне) ену және өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспорттауға рұқсат алу үшін қытай тарапының талаптарына сәйкес бірнеше процедураларды орындау қажет.
Қазақстандық кәсіпорындар өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірілетін және сақталатын жері бойынша құзыретті уәкілетті органға (Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекцияларына) мынадай мақсаттарда жүгінуі қажет:
Кәсіпорынды ҚХР БКБ Тізіліміне енгізу туралы өтініш беру;
Кәсіпкер мәлімдеген ақпараттың сәйкестігіне кәсіпорынды алдын ала инспекциялау процедурасынан өту;
Орыс және ағылшын тілдеріндегі сауалнаманы (анкетаны) толтыру және ұсыну.
Бұдан әрі Министрлік қазақстандық кәсіпорындардың тізімін тіркеу үшін қытай тарапына жолдайды. Ұсынылған тізімді қарау нәтижелері бойынша, қытай тарапы ҚХР БКБ ресми сайтында қазақстандық кәсіпорындардың жаңартылған Тізілімін жариялайды.
Сонымен қатар, 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 18/358 «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін ҚХР-ға экспорттауды ашу жөніндегі кеңес хаттамасына» сәйкес, мақсары, күнбағыс және зығыр бойынша экспорттаушылардан өтінімдер қабылдау үш айда (тоқсанда) бір рет жүзеге асырылатынын атап өтеміз.Өсімдік шаруашылығы өнімдерін ҚХР-да тіркеу үшін өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың қараша айында жүргізіледі.Өз кезегінде, қазақстандық компанияларды ҚХР БКБ кәсіпорындарының Тізіліміне тіркеу бойынша барлық ақпаратты ҚР АШМ-нің www.gov.kz сайтынан еркін қолжетімділікте қарауға болады (АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитеті бөлімі – Қызмет бағыты – «Қытай» папкасы).