Қазақстан Республикасына кіруге электрондық рұқсатты ресімдеу тәртібі туралы АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі шетел азаматтарының Қазақстан аумағына келуіне арналған «ETA» электрондық рұқсатты «QazETA» мемлекеттік цифрлық платформасы арқылы ресімдеу тәртібіне қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына 2026 жылғы 10 қазанда тиісті өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасына кіруге алдын ала электрондық рұқсат алу талабы Қазақстанмен визасыз режим қолданылатын 85 мемлекеттің азаматтарына қатысты.
Қабылданған өзгерістерге сәйкес, ETA тетігі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және электрондық рұқсат ақысыз негізде ресімделеді.
Осы ретте, 2027 жылғы 1 шілдеден бастап – электрондық рұқсаттың болуы елімізге визасыз кіру құқығы бар мемлекеттердің азаматтары үшін міндетті талапқа айналады. Рұқсаттың болмауы елге кіргізуден бас тартуға негіз болады.
Өтініш Қазақстанға жоспарланған кіру күнінен кемінде 72 сағат бұрын QazETA цифрлық платформасы арқылы электрондық түрде беріледі. Өтініш берушіні сәйкестендіру және (немесе) аутентификациялау көзделген. Рұқсаттың қолданылу мерзімі – 180 күнтізбелік күн.