Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Елшілік туралы
Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 22 қаңтарда орнатылды.
Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі 2006 жылғы желтоқсанда ашылды.
2025 жылғы мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі қызметін Алмас Сейтақынұлы атқарып келеді.
Елшілік Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне кіретін дипломатиялық өкілдік болып табылады және Моңғолия аумағында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді.
Елшіліктің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Моңғолияда ұлттық мүдделерін қорғау және сыртқы саяси бағытын іске асыру;
- Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен заңды мүдделерін Моңғолия аумағында қорғау;
- Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік органдарына, қоғамдық ұйымдары мен іскер топтарының өкілдеріне Моңғолиямен байланыс орнатуға және өзара қатынастарды нығайтуға қолғабыс көрсету;
- Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету;
- Білім беру, ғылым, мәдениет және туризм салаларындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту;
- Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қатынастарды нығайтуға бағытталған екіжақты сапарларды, келіссөздерді және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы халықаралық шарттардың жобаларын, оларды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, сондай-ақ екі ел арасындағы шарттардың орындалуын бақылау;
- Консулдық функцияларды жүзеге асыру;
- Өзге де функцияларды орындау.