Қазақстан мен Моңғолия банк-қаржы саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Ұлан-Батыр, 2026 жылғы. 16 қазан – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынұлы Моңғолия Орталық банкі төрағасының бірінші орынбасары Энхболдын Анармен келіссөз өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар екі елдің орталық банктері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, ақша-кредит саясаты саласында тәжірибе алмасу және заманауи қаржылық технологияларды енгізу мәселелерін қоса алғанда, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы банк-қаржы саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Өзара есеп айырысу тетіктерін жетілдіруге, трансшекаралық төлемдерді дамытуға және қаржылық қызметтерді цифрландыруға ерекше назар аударылды.
ҚР Елшісі қаржы секторындағы екіжақты байланыстарды тереңдету үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтіп, екі елдің бейінді ведомстволары мен банк мекемелері арасында тікелей байланыстар орнатудың маңыздылығына тоқталды.
Өз кезегінде Э. Анар кәсіби диалогты кеңейтуге және озық тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін растады.