Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 123,9 млн. АҚШ доллары (-6,7%) болды. Оның ішінде экспорт – 120,1 млн. (-3,3%), импорт – 3,8 млн. АҚШ доллары (-56,3%).
2025 жылы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы 133,5 млн. АҚШ доллары (+7,7%) болды, оның ішінде экспорт – 123 млн. АҚШ доллары (+2,4%), импорт – 10,5 млн. АҚШ доллары (+176,3%).
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тауар айналымы (қазақстандық деректер бойынша) 59,1 млн. АҚШ доллары (-7,4%) болды, оның ішінде экспорт – 57,0 млн. АҚШ доллары (-8,0%), импорт – 2,1 млн. АҚШ доллары (+12,0%).
Қазақстан Республикасынан темекі өнімдері, нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, есептеу машиналары, кофе сығындылары, эссенциялары мен концентраттары, шай, шоколад және бөлшек саудаға арналған қаптамадағы өзге де дайын тағам өнімдері экспортталады.
Қазақстан Республикасына жылқы еті, картоп, түбіт өнімдері, шұлық бұйымдары, өзге де тағам өнімдері, үстіңгі бөлігі тоқыма материалдан жасалған аяқ киімдер, тоқыма свитерлер, пуловерлер, кардигандар мен кеудешелер импортталады.
2023 жылғы 24-27 сәуір.: Қызылорда облысы әкімдігі өкілдерінің жеңіл өнеркәсіп, оның ішінде ірі қара малдың терілері мен былғарысын өңдеу саласындағы тәжірибе алмасу мақсатында Моңғолияға сапары өтті.
2024 жылғы 29 сәуір - 2 мамыр.: Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қ.Төлеушин бастаған қазақстандық делегацияның Ұлан-Батырға жұмыс сапары өтті.
Сапар аясында Моңғолияның Цифрлық даму және коммуникациялар министрі Н.Учралмен келіссөздер, цифрландыру саласында жұмыс істейтін компаниялар басшыларының қатысуымен бизнес-форум, сондай-ақ іскерлік кездесулер өткізілді.
Сапар қорытындысы бойынша қазақстандық «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Моңғолияның Цифрлық қызметтерді реттеу агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2024 жылғы 28 қазан.: Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Ж.Мадиевтің Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және байланыс министрі Ц.Баатархууамен кездесуі өтті.
2025 жылғы 23-25 ақпан.: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаевтың Моңғолияға жұмыс сапары өтті.
2025 жылғы 22-27 сәуір.: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Тасжүрековтың тері мен жүнді өңдеу саласындағы моңғол тәжірибесін зерделеу мақсатында жұмыс сапары өтті.
2026 жылғы 18-19 наурыз.: Ұлан-Батыр қаласында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, «QazTrade» АҚ және екі елдің іскерлік қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен сауда-экономикалық миссия өтті.
2026 жылғы 21 сәуір.: Астана қаласында екі елдің мемлекеттік органдары мен іскерлік топтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Моңғолия бизнес-форумы өтті.
2026 жылғы 17-19 маусым.: Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі А.Бижанова бастаған қазақстандық делегацияның Моңғолияға жұмыс сапары өтті.
2026 жылғы 22 шілде.: ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы әр тарап үшін тауарлардың 367 тауарлық субпозициясы бойынша импорттық кеден баждарын жоюды және төмендетуді көздейтін Уақытша сауда келісімі күшіне енді.
Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Моңғолия Үкіметаралық комиссиясы (ҮКК) өз қызметін тиімді жүзеге асыруда, оның 10-шы мерейтойлық отырысы 2026 жылғы 1-2 қазанда Астана қаласында өтті.
ҮКК тең төрағалары: Қазақстан тарапынан – Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаров (2024 жылғы желтоқсаннан бастап), Моңғолия тарапынан – Вице-Премьер Н.Номтойбаяр (2026 жылғы сәуірден бастап).
2024 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан-Моңғолия Іскерлік кеңесі (ІК) құрылды, ІК-нің 1-отырысы 2024 жылғы 28 қазанда Ұлан-Батыр қаласында, 2-отырысы 2025 жылғы 5 қыркүйекте Астана қаласында өтті
Әуе қатынасы
1992 жылдан бастап екі ел арасында әуе қатынасы туралы Үкіметаралық келісім бар, оның аясында 2014 жылы Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация комитеті мен Моңғолияның Азаматтық авиация бас басқармасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған.
2026 жылғы 2 маусым.: Астана және Ұлан-Батыр қалалары арасында «SCAT» әуе компаниясы аптасына 2 рейс жиілігімен жүзеге асыратын тұрақты тікелей әуе рейсі іске қосылды.
2020 жылғы 28 қыркүйек.: Моңғолиялық «Хүннү Эйр» әуе компаниясы «Ұлан-Батыр – Алматы» бағыты бойынша әуе қатынасын жүзеге асыра бастады. (қазір аптасына 3 тұрақты рейс орындалады).
1995 жылдан бері 90 күнге дейін визасыз сапарлауға мүмкіндік беретін Азаматтардың өзара сапарлары туралы келісім бар.