2026 ж. 16 маусымда Ташкент қаласында «Орталық Азия – Корея Республикасы» мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық жөніндегі жоғары лауазымды тұлғалардың екінші отырысы өтті

2026 жылғы 16 маусымда Ташкент қаласында «Орталық Азия – Корея Республикасы» мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық жөніндегі жоғары лауазымды тұлғалардың екінші отырысы өтті.
Отырысқа Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы сыртқы саяси ведомстволары басшыларының орынбасарлары қатысты. Қазақстан Республикасының делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев басқарды.
Кездесу барысында алдағы саммиттің күн тәртібіндегі негізгі мәселелер мен қорытынды құжаттың жобасы талқыланды.
Тараптар саммитке дайындық және қабылданатын қорытынды құжаттың мазмұны жөніндегі өз көзқарастарын білдірді.
Сондай-ақ отырысқа қатысушылар Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
«Орталық Азия – Корея Республикасы» мемлекеттер басшыларының алғашқы саммитін 2026 жылдың күзінде өткізу жоспарланып отыр.
Саммиттің мақсаты – кең ауқымды бағыттар бойынша өзара тиімді практикалық ынтымақтастықты нығайту.