2026 ж. 5 маусымда Ташкентте Орталық Азия елдері мен АҚШ мәдениет министрлерінің C5+1 форматындағы кездесуі өтті

2026 ж. 5 маусымда Ташкентте Орталық Азия елдері мен АҚШ мәдениет министрлерінің C5+1 форматындағы кездесуі өтті

2026 ж. 5 маусымда Ташкентте Орталық Азия елдері мен АҚШ мәдениет министрлерінің C5+1 форматындағы кездесуі өтті

Қазақстан тарапынан аталған жиынға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты. Іс-шараға сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік хатшысының қоғамдық дипломатия және қоғамдық байланыстар мәселелері жөніндегі орынбасары Сара Роджерс қатысты. Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
 
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Орталық Азия елдері мен Америка Құрама Штаттары мәдениет министрлері кеңесінің хаттамасына қол қойды. Құжатта тараптар мәдени мұраны сақтау жөніндегі Бірлескен мәлімдеме ережелерін іске асыруға бейілділігін қуаттап, өнер, әдебиет, театр, кинематография және музыка салаларында бірлескен іс-шаралар мен фестивальдер өткізу арқылы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты.
📎Толығырақ сілтеме бойынша

Аталған кездесу аясында Аида Балаева Сара Роджерспен жеке кездесу өткізді. Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, соның ішінде мәдениет саласындағы байланыстар мен жасанды интеллектке қатысты жобалар талқыланды.
 
Сонымен бірге, Іс-шара шеңберінде Аида Балаева Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбековпен кездесті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі арасындағы 2026-2027 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі жаңа іс-шаралар жоспарына қол қойды.
📎Толығырақ сілтеме бойынша