2026 жылғы 4 маусымда Ташкент қаласында Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы өзара байланыстылық жөніндегі Термез диалогының екінші отырысы өтті

2026 жылғы 4 маусымда Ташкент қаласында Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы өзара байланыстылық жөніндегі Термез диалогының екінші отырысы өтті

2026 жылғы 4 маусымда Ташкент қаласында «Бейбітшілік, өзара байланыс, орнықтылық: ортақ өркендеудің негізін қалыптастыру» тақырыбына Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы өзара байланыстылық жөніндегі Термез диалогының екінші отырысы өтті.

Форумды Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі АӨСШК-мен әріптестікте ұйымдастырды.
Диалог мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды өкілдерін, халықаралық ұйымдардың басшыларын, жетекші талдау орталықтарының сарапшыларын, журналистерді, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын біріктірді.
Қазақстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов, Өзбекстандағы Қазақстанның Елшісі Бейбіт Атамқұлов, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Философия, саясаттану және дінтану институтының өкілдері қатысты.
Термез диалогының екінші отырысының ашылуына қатысу үшін Ташкентке АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай келіп, Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасындағы өзара байланыстылықты нығайтуға бағытталған бірқатар нақты бастамалармен сөз сөйледі.
Форум барысында сауданы кеңейту, көлік дәліздерін дамыту және энергетикалық ынтымақтастық мәселелері өңіраралық өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары ретінде қаралды.
Қатысушылар Орталық және Оңтүстік Азия елдері үшін экологиялық сын-қатерлердің өзектілігі арта түскенін ескере отырып, климаттық күн тәртібіне ерекше назар аударды.
Бағдарлама аясында Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы өзара байланыстылықтың маңызды тарихи әрі заманауи торабы ретінде ерекше мәнге ие Термез қаласына бару көзделген.