2026 жылғы 31 мамырда Түркістан және Ташкент облыстарының өкілдерінің қатысуымен «Шекарасыз ынтымақтастық» халықаралық бизнес-форумы өтті

«ШЕКАРАСЫЗ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ»: ТҮРКІСТАН МЕН ТАШКЕНТ ОБЛЫСТАРЫ СЕРІКТЕСТІКТІ КҮШЕЙТУДЕ
Қазақстан мен Өзбекстан Президенттерінің өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, Ташкент облысында Түркістан және Ташкент облыстарының қатысуымен «Шекарасыз ынтымақтастық» халықаралық бизнес-форумы өтті.
Форумға Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров бастаған ресми және бизнес-делегация қатысып, сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Іс-шараға екі өңірден 200-ге жуық кәсіпкер мен инвестор жиналды.
Форум барысында Ташкент облысының хокимі З.Мирзаев пен Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров сөз сөйлеп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен өңіраралық байланыстарды нығайтудың маңызын атап өтті.
Кездесуде Түркістан облысының инвестициялық және туристік әлеуеті таныстырылып, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, сондай-ақ «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы жобасын іске асыру мәселелері қаралды.
Форум қорытындысында тараптар іскерлік байланыстарды кеңейтіп, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде уағдаласты.
Форум туралы «24KZ» телеарнасында ⬅️