«Орталық Азия: өңірлік дамудың жаңа парадигмасы» атты халықаралық конференция

2026 жылғы 14 мамырда Әлемдік экономика және дипломатия университетінде «Орталық Азия: өңірлік дамудың жаңа парадигмасы» атты халықаралық конференция өтті.
Конференцияға шетелдік сарапшылар, дипломатиялық корпус өкілдері, сараптамалық-талдау орталықтарының мамандары, ғылыми қауымдастық өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.
Іс-шараға Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов және Қазақстан Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының директоры Алексей Волков қатысып, баяндама жасады.
Шара жаһандық трансформациялар жағдайындағы Орталық Азияның даму үрдістері мен перспективаларын, өңірлік өзара іс-қимылды нығайтуды, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуді, көлік-логистикалық байланысты, сондай-ақ өңірдің орнықты әрі инклюзивті дамуын қамтамасыз ету мәселелері жан-жақтыталқыланды.
Спикерлер Орталық Азияның стратегиялық өзара іс-қимыл мен орнықты дамудың маңызды кеңістігі ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.