Елші «Silkway CA» БК ЖШҚ Бас директоры Данияр Тиесовпен кездесті

Ташкент, 2026 жылғы 2 наурыз – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың «Silkway CA» БК ЖШҚ Бас директоры Данияр Тиесовпен кездесуі өтті.
Келіссөздер барысында тараптар 2025 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында екі елдің мемлекет басшылары ресми түрде бастау берген Ташкент облысында заманауи көпфункционалды логистикалық орталық салу жөніндегі инвестициялық жобаның іске асырылу барысын талқылады.
Аталған жобаны жүзеге асыру өңірдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытудың маңызды бағыттарының бірі әрі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға қосылған практикалық үлес ретінде қарастырылатыны атап өтілді.
Анықтама: «Silkway CA» БК ЖШҚ Ташкент облысының Янгийул ауданында көпфункционалды заманауи логистикалық орталық салу жобасын жүзеге асыруда. Кешеннің жалпы аумағы 159,4 га. құрайды, бірінші кезеңдегі инвестиция көлемі 80 млн. АҚШ долл. асады, жобаны іске асыру мерзімі 2025-2030 жылдарға жоспарланған.
Жоба «бір терезе» қағидаты бойынша терминалдық, қоймалық және сервистік қызметтер көрсететін заманауи мультимодальды логистикалық инфрақұрылым құруды, сондай-ақ нысанды халықаралық және өңірлік көлік дәліздеріне интеграциялауды көздейді.
Д. Тиесовтың айтуынша, жобаны іске асыру Өзбекстанның транзиттік әлеуетін арттыруға, өңір өнеркәсібінің экспорттық мүмкіндіктерін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықаралық жүк ағындарына қызмет көрсетуге бағытталған заманауи логистикалық экожүйе қалыптастыруға ықпал етеді.