алестина Елшісі Ваиль Ахмед Батрехи Қазақстан Республикасының Елшілігіне барды

алестина Елшісі Ваиль Ахмед Батрехи Қазақстан Республикасының Елшілігіне барды

2026 жылғы 27 ақпанда Өзбекстанға жаңадан тағайындалған Палестина Елшісі Ваиль Ахмед Батрехи Қазақстан Республикасының Елшілігіне барды.

Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Атамқұлов В. Ахмед Бехтериді дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, Қазақстанның Таяу Шығыстағы жағдайды саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған халықаралық күш-жігерді дәйекті түрде қолдайтынын атап өтті.

Осы тұрғыда Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуы өңірдегі тұрақтылық пен өзара түсіністікті нығайтуға жәрдемдесуге бағытталғаны, сонымен қатар екі мемлекет қағидаты негізінде қақтығысты реттеуді қолдау ұстанымы өзгеріссіз қалатыны атап өтілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2026 жылғы 19 ақпанда Вашингтон қаласында өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында айтқан бастамалары қаралды.

Палестина Елшісі В. Ахмед Батрехи инфрақұрылым, тұрғын үй, мектептер, ауруханалар және өзге де маңызды әлеуметтік нысандар салу, гуманитарлық көмек көрсету және палестиналық студенттерге білім гранттарын бөлу жөніндегі қазақстандық тараптың ұсыныстарын жоғары бағалады.

Тараптар сондай-ақ Таяу Шығыстағы ағымдағы жағдай, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің Газа секторында гуманитарлық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысты ұстанымдары жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға дайын екендіктерін білдірді.