2025 жылғы 24 қарашада Ташкентте 15–16 қарашада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Жетінші Консультативтік кездесуінің қорытындыларына арналған дөңгелек үстел Орталық Азия Халықаралық институтында өтті

2025 жылғы 24 қарашада Ташкентте 15–16 қарашада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Жетінші Консультативтік кездесуінің қорытындыларына арналған дөңгелек үстел Орталық Азия Халықаралық институтында өтті

2025 жылғы 24 қарашада Ташкентте 15–16 қарашада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Жетінші Консультативтік кездесуінің қорытындыларына арналған дөңгелек үстел Орталық Азия Халықаралық институтында өтті.

Іс-шараға дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, жетекші сараптамалық орталықтардың мамандары және журналистер қатысты.

Пленарлық сессия барысында Орталық Азия елдерінің Елшілері саммиттің жоғары нәтижелерін және консультативтік форматтың одан әрі жұмысын дамыту перспективасын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Атамқұлов өз сөзінде Орталық Азия елдері Президенттерінің бастамаларының өзара үйлесімділігі мен форматты ары қарай институционалдандырудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ соңғы жылдары мемлекет басшылары арасында қалыптасқан ашық әрі сенімге негізделген диалогтың айрықша рөлін көрсетті.

Сөз сөйлеулерден кейін қатысушылар пікір алмасу мен талқылауға көшті. Елшілерге Консультативтік кездесулер механизмін институционалдандырудың келешегі, форматтың қолданыстағы өңірлік құрылымдармен (ШЫҰ, Түрік мемлекеттері ұйымы, ТМД) өзара байланысы, сондай-ақ Әзербайжан Республикасының толыққанды қатысушы ретінде қосылуы жөнінде сұрақтар қойылды.

Бұдан бөлек, саммит журналистер мен саяси шолушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шара аяқталғаннан кейін Елші Б. Атамқұлов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, өңірлік ынтымақтастықтың нығаю үрдісін және оның басым бағыттарын атап өтті.