2025 жылдың 12 қарашасында Ташкент қаласында Орталық Азия елдерінің әйелкөшбасшылары диалогының отырысы өтті

2025 жылдың 12 қарашасында Ташкент қаласында «Әйелдердің құқықтарын және гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің жаһандық және өңірлік тәсілдері» тақырыбындағы Орталық Азия елдерінің әйелкөшбасшылары диалогының отырысы өтті.
Іс-шараға Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева, Орталық Азия елдерінің парламенттерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар мен БҰҰ, азаматтық қоғам институттары және сарапшылар қауымдастығы қатысты. Қазақстан Республикасын Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дания Еспаева басқарған делегация өкілдік етті. Сондай-ақ шараға Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Нұргүл Тау және Президент жанындағы Әйелдер істерi және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Әзиза Шүжеева қатысты.
Форум барысында қатысушылар әйелдердің қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады: саясатта, кәсіпкерлікте, білім беруде, инновацияда, БАҚ-та, сондай-ақ денсаулық сақтау, құқықтық қорғау және зорлық-зомбылыққа қарсы күрес салаларында.
Отырыс қорытындысы бойынша әйелдердің құқықтарын ілгерілету мен гендерлік теңдікті нығайту жөніндегі мемлекеттердің негізгі міндеттемелерін айқындайтын «Ташкент декларациясы» қабылданды.
Отырыс аясында қазақстандық делегацияның Танзила Нарбаевамен кездесуі өтті. Кездесуде тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы парламентаралық диалогты одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, Орталық Азия елдерінің әйел-көшбасшылары диалогының жұмысы бойынша пікір алмасты.