2025 жылғы 11 қарашада Ташкент қаласында өткен Халықаралық авиациялық-логистикалық форум

2025 жылғы 11 қарашада Ташкент қаласында өткен Халықаралық авиациялық-логистикалық форум

2025 жылғы 11 қарашада Ташкент қаласында «Trans Logistica Uzbekistan 2025» халықаралық көрмесі аясында Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігі ұйымдастырған халықаралық авиациялық-логистикалық форум өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Көлік Вице-министрі Талғат Ластаев басқарды.

Форум Өзбекстан Көлік Министрі И. Махкамовтың және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ ХТФ) халықаралық көлік форумының Бас хатшысы Ён Тэ Кимнің сөз сөйлеуімен ашылды.

Іс-шара барысында қатысушылар заманауи авиация индустриясының негізгі тенденциялары мен сын-қатерлерін, авиациялық инфрақұрылымды дамыту, авиатасымалдардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ көлік және логистика саласында инновациялық және «жасыл» технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.

Форум аясында Өзбекстан, Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Пәкістан көлік ведомстволарының басшыларын, халықаралық ұйымдардың, авиациялық және логистикалық компаниялардың, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарының өкілдерін біріктірген Азия елдері үшін жоғары деңгейдегі 4-ші Диалог өтті.

Өз сөзінде Т. Ластаев Қазақстанда әуежай инфрақұрылымын жаңғырту, экологиялық және энергия тиімді технологияларды, сондай-ақ жолаушылардың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Әуежайларды дамыту Қазақстанның көлік жүйесінің тұрақты өсу стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады және елдің транзиттік әлеуетін нығайтуда шешуші рөл атқарады.

Форум қорытындысы бойынша қатысушы елдердің көлік құрылымдары арасындағы ынтымақтастық және 2026 жылы Орталық Азия елдерінің бірінің аумағында келесі жоғары деңгейдегі диалогты өткізу туралы уағдаластықтар туралы бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Іс-шараның 2-ші күні порт және жер үсті инфрақұрылымын дамытуға арналған.