Түркістан және Хорезм облыстары туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Түркістан және Хорезм облыстары туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

2025 жылғы 6 қараша күні Хива қаласында Қазақстан Республикасының Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Өзбекстан Республикасының Хорезм облысының хокимі Журабек Рахимовтың кездесуі өтті.

Кездесуге туристік және қонақ үй бизнесінің өкілдері, Түркістан қаласының халықаралық әуежайы мен Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің қызметкерлері қатысты.

Тараптар туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін, соның ішінде бірлескен туристік бағыттарды әзірлеу, мәдени және гастрономиялық туризмді дамыту, сондай-ақ инфрақұрылымдық даму саласында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында өңірлердің туристік тартымдылығын арттыруға және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өңіраралық байланыстарды нығайтуға бағытталған инвестициялық жобалар таныстырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар практикалық өзара іс-қимылды жалғастыруға және екі облыстың іскер топтары арасындағы байланыстарды жандандыруға дайын екендіктерін білдірді.