Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен келді

Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен келді
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен үкіметаралық комиссияның 22-ші отырысының қорытындысы бойынша берілген туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі тапсырмаларды іске асыру шеңберінде, Ташкент қаласында өңір әкімі Н. Көшеров бастаған Түркістан облысының делегациясы жұмыс сапарымен жүр.
Мәселен, 2025 жылғы 5 қарашада Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі А.Ариповпен кездесу өтті. Келіссөздер барысында Түркістан облысы мен Өзбекстан өңірлері арасындағы, оның ішінде өнеркәсіптік кооперация, логистика және бірлескен туристік бастамалар желісі бойынша әріптестікті кеңейту перспективалары талқыланды.
Сол күні әкім Өзбекстанның Көлік Министрі И.Махкамовпен келіссөздер жүргізді. Тараптар көліктік-логистикалық өзара іс-қимылды тереңдету, сондай-ақ Түркістан қаласы мен Өзбекстан өңірлері арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселелерін қарады.
Сондай-ақ, Өзбекстанның Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі Министрі А.Абдухакимовпен кездесу өтті. Кездесу аясында тараптар туризм саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, оның ішінде экологиялық және қажылық туризм бағыттарын дамытуға қатысты көптеген мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, Өзбекстанның Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі жанындағы Туризм Комитетінің төрағасы У. Шадиевпен кездесу өтті. Туристік алмасуды дамыту, мәдени және гастрономиялық туризмді ілгерілету, сондай-ақ инфрақұрылым және сервис саласында бірлескен жобаларды іске қосу жоспарлары талқыланды.
Сонымен бірге, Түркістан облысы делегациясының Өзбекстанның туристік компаниялары мен қонақ үй бизнесінің өкілдерімен B2B-кездесулері аясында қасиетті орындар, сондай-ақ Түркістан облысы мен Өзбекстанның тарихи және мәдени орталықтары бойынша маршруттарды біріктіретін бірлескен туристік пакеттерді қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Н. Көшеров туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау үшін Хорезм және Самарқанд облыстарының хокимдерімен кездесулер өткізетін Хива және Самарқанд қалаларына барады деп жоспарлануда.