2025 жылғы 15–16 қазанда Ферғана қаласында Бейбітшілікке арналған алғашқы Халықаралық форум өтті

2025 жылғы 15–16 қазанда Ферғана қаласында Бейбітшілікке арналған алғашқы Халықаралық форум өтті. Іс-шараны Өзбекстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институты Прогрессивті реформалар орталығы, ЕҚЫҰ, Орталық Азияның өңірлік саясатты дамыту орталығы және өзге де халықаралық серіктестермен бірлесіп ұйымдастырды.
Форум Ферғана аңғарының орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі идеялармен алмасуға арналған маңызды алаңға айналды. 2025 жылғы наурызда Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара түйісу нүктесі туралы келісімнің қабылдануы өңірдің дамуына жаңа серпін беріп, экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен инфрақұрылымдық әрі гуманитарлық бастамаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасады.
Форум жұмысына ТМД, Еуропа және Америка елдерінің жетекші сараптамалық орталықтарының басшылары мен мамандары, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың және бизнес құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ дипломаттар қатысты.
Қазақстан Республикасын Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директордың орынбасары Алуа Жолдыбалина, Экономикалық зерттеулер институты басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Ниғметов және Қазақстан Елшілігінің дипломаттары таныстырды.
Форумға сондай-ақ АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай қатысып, пленарлық отырыста құттықтау сөз сөйледі.
Тақырыптық панельдік пікірталастар барысында сарапшылар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өзара сауданы кеңейту, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік, экология және су ресурстарын пайдалану мәселелерін талқылады.
Форум қорытындысы бойынша сараптамалық орталықтар арасында екіжақты кездесулер өтіп, одан әрі ынтымақтастық жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазақстан-Өзбекстан ғылыми-сараптамалық диалогын нығайтудың айқын көрінісі ретінде ҚСЗИ мен Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық реформалар агенттігі арасында бірлескен бастамаларды іске асыру және сараптамалық тәжірибе алмасуды тереңдетуді көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Анықтама үшін: Ферғана аңғары ұзақ уақыт бойы геосаяси тәуекел аймағы ретінде қарастырылғанымен, бүгінде жоғары экономикалық даму қарқынын көрсетіп отыр. Бұл – Орталық Азияның ең тығыз қоныстанған және экономикалық тұрғыдан маңызды өңірлерінің бірі. Өзбекстандағы Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығының мәліметінше, соңғы 8 жылда Ферғана аңғарының жиынтық аймақтық өнімі шамамен 4 есе өсіп, елдің ЖІӨ-нің бестен бір бөлігіне жақындады.