Елші Бейбіт Атамқұлов пен Латвия Республикасының Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Гиртс Яунземспен кездесуі

Елші Бейбіт Атамқұлов пен Латвия Республикасының Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Гиртс Яунземспен кездесуі

2025 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Елшілігінде Латвия Республикасының Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Гиртс Яунземспен кездесу өтті.


Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Атамқұлов Г.Яунземсті дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Латвия арасындағы әріптестіктің маңыздылығын және екіжақты қатынастарды негізгі бағыттар бойынша одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
Осы тұрғыда Қазақстанның Латвияның Орталық Азиядағы ірі сауда серіктестерінің бірі екені айтылды. Әңгіме барысында тараптар транзит және цифрландыру салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін де талқылады.
Б.Атамқұлов өткен жылы Орта дәліз арқылы жүк тасымалы көлемінің артқанын және Рига, Лиепая мен Вентспилс порттарының әлеуетін пайдалану мүмкіндіктерін атап өтті. Цифрлық трансформация тақырыбында ол Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі жобалар туралы айтты.
Тараптар көпжақты өзара іс-қимыл және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты. Осыған байланысты Елші Атамқұлов Ауғанстанды өңірлік экономикалық жобаларға тартудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екенін растады.

❗️Анықтама үшін: 2024 жылы Қазақстан мен Латвия арасындағы тауар айналымы 231 млн АҚШ долларын құрады. 2005 жылдан бері латвиялық инвесторлар Қазақстандағы түрлі жобаларға 300 млн АҚШ долларын салған. Бүгінде Қазақстанда 145 латвиялық компания жұмыс істейді, ал Латвияда 100 қазақстандық компания қызмет атқарады.