Қазақстанның Елшісі Бейбіт Атамқұлов WMI өңірлік кеңсесінің басшысы Барбара Януш-Павлеттамен кездесті
2025 жылғы 6 қазанда - Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Атамқұлов Су ресурстарын басқару жөніндегі халықаралық институттың (IWMI) аймақтық кеңсесінің басшысы Барбара Януш-Павлеттамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Орталық Азиядағы су ресурстарын ұтымды пайдалану және басқару саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады. Сондай-ақ су үнемдеу технологияларындағы жаңа тәсілдерді дамыту және ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін тасқын суларды пайдалану мәселелеріне назар аударылды.
Келесі жылы Қазақстанда өтетін Өңірлік экологиялық саммитке ерекше көңіл бөлінді. Тараптар саммиттің өңірдің экологиялық күн тәртібін нығайту және осы бағыттағы жаңа бастамаларды ілгерілету үшін маңызды екендігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік байланыстарды нығайтуға және практикалық ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік білдірді.