Қазақстанның Елшісі Б. Атамқұлов 2025 жылғы 6 қазанда «Орталық Азия – Ресей» сараптамалық орталықтар форумына қатысты

2025 жылғы 6 қазанда - Орталық Азия халықаралық институтында «Орталық Азия – Ресей» сараптамалық орталықтарының форумы өтті.
Іс-шара осы форматтағы Мемлекет басшыларының Душанбеде өтетін алдағы кездесуіне орай ұйымдастырылды. Форумға Орталық Азия республикалары мен Ресей Федерациясының елшілері, дипломатиялық корпус өкілдері, жетекші сараптамалық және ғылыми-зерттеу орталықтарының мамандары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында өңір елдері мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары –энергетикалық өзара іс-қимыл, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл, экономиканы цифрландыру және еңбек көші-қоны мәселелері қаралды. Қатысушылар сараптамалық алмасудың және ғылыми сүйемелдеудің артып келе жатқан маңыздылығын атап өтіп, зерттеу орталықтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің қажеттілігін баса айтты.
Форум қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Ресей» форматындағы әріптестікті нығайтуға және өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға бағытталған