Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда Министрінің орынбасары Х.Ф. Тешабаевпен кездесі
Ташкент қ., 2025 жылғы 2 қазан - Өзбекстан Республикасының инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінде Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Вице-министрі А.А. Әбілдабеков Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда Министрінің орынбасары Х.Ф. Тешабаевпен кездесті.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Б. Атамқұлов та қатысты.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты сауданы одан әрі кеңейтуге, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге, сондай-ақ көліктік-логистикалық өзара іс-қимылды дамытуға байланысты көптеген мәселелерді талқылады.
Алдағы екіжақты және көпжақты іс-шаралар қарсаңында бірлескен іс-қимылдарды, сондай-ақ практикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі шараларды келісу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар сондай-ақ экономиканың негізгі секторларындағы өзара іс-қимылды нығайту перспективаларын және өзара саудадағы бар кедергілерді жою мәселелерін қарастырды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қазақстандық-өзбекстандық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға бейілділігін растады.