«Қазақстан мұрағаттары күндері » – тарихи жады және ғылыми ынтымақтастық (20-21 тамыз, Бухара)

«Қазақстан мұрағаттары күндері » – тарихи жады және ғылыми ынтымақтастық (20-21 тамыз, Бухара)

2025 жылғы 20-21тамызда Бухара қаласында «Өзбекстанда Қазақстанның архивтер күндері халықаралық» ісшарасы өтті. Оның аясында «Ақпараттық қоғамдағы мұрағаттардың орны менмаңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және екі бауырлас халықтың байланыстарына арналған мұрағаттық құжаттар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде екі еларасындағы тарихи, саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды көрсететін бірегей материалдар ұсынылды.

Конференцияға мұрағатісінің жетекші мамандары, ғалымдар, тарихшылар, құжаттанушылар, ақпараттық технологиялар саласының өкілдері, сондай-ақ екі елдің ғылыми қауымдастығыныңмүшелері қатысты.

Анықтама: 2024 жылғы маусымда Қазақстанда Өзбекстан мұрағаттары күндері Шымкент қаласында өткенболатын.

Қазақстан делегациясы құрамында Ғылыми-техникалық құжаттаманың орталық мемлекеттік мұрағаты, Ұлттықмұрағат, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мұрағаттар, құжаттама және кітап ісі комитетінің өкілдері, Алматы, Шымкент, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының мемлекеттік мұрағаттарының басшылары, сондай-ақ Қазақстан Елшілігінің дипломаттары болды.

Панельдік сессиялардазаманауи ақпараттық қоғамдағы мұрағаттардың рөлі, тарихи құжаттарды цифрландыру, сақтау тетіктерін жетілдіру, ашықтық саясаты және мұрағаттардыңазаматтық қоғам институттары үшін маңызы талқыланды.

Іс-шара аясында «Узархив» агенттігінің директоры У.Юсупов және Қазақстан Мәдениет және ақпаратминистрлігінің Мұрағаттар, құжаттама және кітап ісі комитетінің мемлекеттік бақылау және мониторинг басқармасының басшысы И.Бабаев «Қазақстан менӨзбекстанның мәдени ынтымақтастығы: мұрағаттық фотоқұжаттарда» атты бірегей альбом-кітапты таныстырды. Бұл басылым екі ел мұрағатшыларының бірлескен еңбегінің нәтижесі болып табылады.