2025 жылғы 22 мамырда Елші Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Ғылым академиясының Тарих институтының директоры Зиё Азамат Хамид оғлымен кездесті
2025 жылғы 22 мамырда Ташкент қаласында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Ғылым академиясының Тарих институтының директоры Зиё Азамат Хамид Ұғлимен кездесті. Келіссөздер екі ел тарихшылары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу және Орталық Азияның ортақ тарихи-мәдени мұрасын сақтау мәселелеріне арналды.
Кездесу барысында Елші Қазақстан мен Өзбекстанды географиялық жақындық пен қазіргі стратегиялық әріптестік қана емес, сонымен қатар түркі мемлекеттері дәуіріне, Ұлы Жібек жолы кезеңіне дейінгі терең тарихи тамырлар байланыстыратынын атап өтті. Ол халықтарымыздың тарихы өзара тығыз байланыста қалыптасқанын және қазіргі ғылыми қауымдастықтың алдында осы мұраны тұтас, бөлінбейтін және объективті түрде қайта қарап, ұсыну міндеті тұрғанын айтты.
Тараптар академиялық мекемелер арасындағы байланыстарды жандандыруға, мұрағаттық зерттеулерді кеңейтуге, академиялық ұтқырлықты дамытуға және бірлескен баспа қызметіне қызығушылық білдірді. Өңір тарихының маңызды кезеңдеріне сыртқы бұрмалаусыз және идеологиялық шектеулерсіз ортақ көзқарас қалыптастыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел ғалымдарының ұзақмерзімді ынтымақтастығына негіз болатын тұрақты платформа құру бағытында жұмыс бастауға жан-жақты қолдау көрсетуге уағдаласты.