Елші Бейбіт Атамқұлов Беларусь Республикасының Өзбекстандағы Елшісі Александр Огородниковпен кездесті

2025 жылғы 23 сәуірде Өзбекстандағы Беларусь Республикасының жаңадан тағайындалған Елшісі Александр Огородников Қазақстан Республикасының Елшілігіне сапар жасады.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзара іс-қимылды нығайту перспективаларын талқылады.
Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Атамқұлов мемлекеттер басшылары мен сыртқы саяси ведомстволар арасындағы тұрақты байланыстарды атап өтіп, саяси диалогтың жоғары деңгейін ерекше атап көрсетті.
Өз кезегінде Беларусь елінің дипломатиялық миссиясының басшысы А.Огородников Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін сақтау маңыздылығына тоқталып, екіжақты өзара іс-қимыл шеңберінде өткен бірқатар іс-шараларды атап өтті.
Екіжақты ынтымақтастық мәселелерінен бөлек, тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасты.
Кездесу соңында тараптар екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған кең ауқымды мәселелер бойынша диалог пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.