Софияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған көрме ашылды

София, 2026 жылғы 18 қараша – Софияда «Қазақстан – Тәуелсіздікке 35 жыл» атты фотокөрме ашылды. Көрмені Қазақстанның Болгариядағы Елшілігі Әулие Кирилл мен Методий атындағы Ұлттық кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырды. Ашылу рәсіміне Болгарияның қоғам және саяси қайраткерлері, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Фотокөрмені ашу барысында Елші Виктор Темірбаев мерейтой елдің жүріп өткен жолын қорытындылап, алдағы даму басымдықтарын айқындауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ ол мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірлігін нығайтудағы конституциялық құндылықтардың маңызына тоқталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында қазақстандық дипломат келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілікке, сондай-ақ бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту, заманауи технологияларды енгізу, инфрақұрылымды жаңғырту және әрбір азаматтың өз әлеуетін іске асыруына жағдай жасау міндеттеріне назар аударды.
Елші қатысушыларға Қазақстанда дәйекті түрде іске асырылып келе жатқан «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттары туралы да баяндады. Ол бұл қағидаттардың елдің күнделікті өмірінде заңды құрметтеу, ортақ іске жауапкершілікпен қарау және қоршаған ортаны аялау арқылы көрініс табатынын атап өтті. Виктор Темірбаев еңбек адамдарының тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесін және жасампаз еңбектің ел болашағы үшін маңызын ерекше атап өтті.
Осы орайда Қазақстан Елшілігі Болгарияның Ұлттық кітапханасына Қазақстанның әдеби бұрышының қорын толықтырған бірқатар кітапты сыйға тартты. Олардың қатарында «Тарихи и Рашиди», «Абай Арманы», «Abai Poetry» және «Ұлттық дәстүр мен ән» басылымдары және т.б. болды.
Өз кезегінде Болгария Ұлттық кітапхана директоры Калина Иванова Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтап, өркендеу мен табыс тіледі.