Болгария Қазақстанның атом энергетикасы саласына мамандар даярлауға қатысуға дайын

Двое мужчин в деловых костюмах ведут беседу за длинным деревянным столом в официальном кабинете на фоне флагов.

София, 2026 жылғы 11 қараша – Қазақстан Елшісі Виктор Темирбаев София техникалық университетінің (ТУ) ректоры Георги Венковпен кездесті.

Әңгіме барысында қазақстандық дипломат ТУ басшылығын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырып, білім беру саласын дамыту мен білікті мамандар даярлау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Осы орайда тараптар Қазақстанда салынып жатқан атом электр станциясына мамандар даярлау бойынша ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. «Козлодуй» АЭС-інің жаңа энергоблоктарына кадрлар даярлауға қатысатын Болгарияның жоғары оқу орындарының тәжірибесіне ерекше көңіл бөлінді.

Өз кезегінде Георги Венков ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, София техникалық университетінің Қазақстанның жоғары оқу орындарымен байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар атом энергетикасы, электр техникасы, автоматтандыру, робототехника, сондай-ақ компьютерлік және ақпараттық-басқару жүйелері салаларында мамандарды бірлесіп даярлау және оқытуды ұйымдастыру мәселесін пысықтауға уағдаласты.