Жалпы ақпарат

Бас консул
Бас консулдық туралы
ҚР Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығының ресми сайтына қош келдіңіз
«Сан-Франциско қаласында (Америка Құрама Штаттары) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 697 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Сан-Франциско қаласындағы (Калифорния) Бас консулдығы өз қызметін 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап, ҚР және АҚШ азаматтарына барлық консулдық қызметтерді көрсетуде.
Бас консулдық Қазақстан мен АҚШ-тың батыс жағалауында орналасқан 13 штат арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал жасайды. Сонымен қатар, бірлескен экономикалық, мәдени және гуманитарлық жобаларды дамыту үшін Қазақстандағы әлеуетті серіктестерімен байланыс орнатуды қалайтын барлық мүдделі компаниялар мен тұлғаларға қажетті қолдау көрсетеді.
Бас консулдығының қарауына төменде көрсетілген штаттар кіреді:
|
Айдахо |
Гавайи |
Оңтүстік Дакота |
|
Аляска |
Калифорния |
Солтүстік Дакота |
|
Аризона |
Монтана |
Юта |
|
Вайоминг |
Невада |
|
|
Вашингтон |
Орегон |
|