Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Екіжақты қарым-қатынастар

Ұлттық парктармен ынтымақтастықты дамыту мәселелері

2019 жылғы 24-27 шілде аралығында ҚР Экология, геология және минералдық ресурстар министрлігі және Мәдениет және спорт министрлігі бірлескен делегациясының сапары пысықталды. Сапардың негізгі мақсаты - ұлттық парктерді басқару барысындағы озық технологияларды енгізу мәселелері бойынша АҚШ-тың мемлекеттік және жеке секторымен тығыз байланыс орнату.

 

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшылығының сапары

2019 жылғы 16 қыркүйегінде Калифорнияның Сан-Хосе мен Пало Альто қалаларында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Nutanix» пен «MinIO» компанияларына сапар ұйымдастырылды.

«Nutanix» - американдық компания, аппараттық-бағдарламалық кластерлік виртуализацияланған кешендерді, сондай-ақ жаппай кластағы жабдық тораптарының базасында конвергенттік инфрақұрылымды құруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші.

«MinIO» - жеке бұлттың ірі ауқымды инфрақұрылымына арналған бөлінген нысандарды сақтау үшін жоғары өнімді бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші американдық компания. «MinIO» шешімі фотосуреттер, бейнелер, файлдар, журналдар және сақтық көшірмелер сияқты құрылымсыз деректерді сақтай алады.

Кездесулер барысында мемлекеттік органдардың деректерін сақтаудың ағымдағы жағдайы, деректер базасының архитектурасын құру, дәстүрлі сақтау моделін пайдалану, өңдеу және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Деректерді өңдеу орталығында деректер базасының көлемін күрт ұлғайту болжамдары және оларды шешу жолдары талқыланды.

Сонымен қатар, америка тарапының назарына «Астана Хаб» халықаралық IT-стартап технопаркінің қызметі, «Астана Хаб» шетелдік қатысушылары үшін визалық және еңбек тәртіптерін оңайлату жөніндегі жағдайлар, сондай-ақ оңайтылған салық салу түріндегі салықтық преференциялар ұсынылған.

 

Кремний алқабының IT-компаниялары басшылығының ҚР Президентімен кездесуі

2019 жылдың 23 қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында ірі американдық ІТ-компаниясының бірінші басшыларының ҚР Президенті К-Ж. К. Тоқаевпен кездесуі ұйымдастырылды. «Cisco Systems» компаниясының инновация бойынша жаһандық

Вице-президенті Гай Дидрихпен (Guy Diedrich), «Amazon Web Services» жаһандық мемлекеттік саясат жөніндегі Вице-президенті Майкл Панкемен (Michael Punke), «500 Startups» Жаһандық басқарушы серіктесі Беди Янгпен (Bedy Yang), «Oracle» корпорациясының жұртшылықпен жаһандық байланыс жөніндегі Вице-президенті Карл Кокспен (Karl Cox), «Plug and Play» компаниясының бас директоры және Президенті Саид Амидимен (Saeed Amidi) екіжақты кездесулер ұйымдастырылды.

Америкалық IT–компаниялар мен венчурлік қорлардың (Oracle, Plug and Play Ventures, 500 Startups,) пікірінше, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бөлшек сауда, қаржы технологиялары, саяхат, логистика, ақылды қалалар, сондай-ақ «Astana Hub» жобаларына қатысуды ұйымдастыру сияқты салаларда бірлескен бағдарламаларды іске қосу және стартаптармен алмасу болуы мүмкін.

 

«Назарбаев Университеті» өкілдерінің, «Астана Хаб» делегациясының жыл сайынғы «Disruptive SF 2019», TechCrunch іс-шарасына қатысу үшін сапары

Жыл сайын Disruptive SF халықаралық алаңында бір жерде ағымдағы және болашақ технологиямен танысу үшін стартаптар әлемі жиналады. Көшбасшылар мен болашақтың үздік стартаптарының идеяларымен шабыттандырады, соңғы инновацияны танып, бизнесті ілгерілету үшін байланыс табу оңай. 2019 жылғы 2-4 қазанда аталған алаңда «Астана Хаб» өкілдері, «СТО gram» және «Diet Genius» стартап жобалары, сондай-ақ Nazarbayev University өкілдері қатысты.

Қосымша, 2019 жылғы 3 қазанда делегация үшін «Plug&Play» компаниясының басшысымен Қазақстан аумағында энергетикалық хабты ашу мәселесін талқылау бойынша кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде қазақстандық тарап компанияны 2019 жылғы 24-25 қазанда Нұр-сұлтан «Digital Bridge» форумында спикер ретінде қатысуға шақырды.

 

2019 жылғы 10-11 қазанда «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» (РҒБО) АҚ делегациясының сапары

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Пало-Альто және Лос-Анджелес қалаларындағы «Maxar technologies» және «Saturn» компанияларына сапар ұйымдастырылды.

Сапардың негізгі мақсаты - серіктерді құрастыру бойынша әлемдік көшбасшы «Maxar technologies» компаниясымен байланыс пен ынтымақтастықты орнату.

 

Ұлттық парктермен ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі сапар

2019 жылғы 17-18 қазанда Колорадо штаты Денвер қаласында АҚШ Ұлттық парктармен ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және Мәдениет және спорт министрлігінің ведомствоаралық делегациясының сапары өтті. Сапар барысында «Xanterra» компаниясының президенті А. Тоддпен кездесу ұйымдастырылды. Ұлттық парктарды басқару бойынша озық технологияларды енгізуге қатысты пікір алмасу болды.

 

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Е. Қазыхановтың сапары (2019 жылғы 16-17 қазан )

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Е.Қазыхановтың сапары аясында «Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуеті» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға Вашингтон штатынан бұрынғы конгрессмен Дон

Бонкер және бірқатар американдық компаниялардың өкілдері – «Cisco», «Chevron», «500 Startups», «Primus Power», «Valmont», «MinIO», «Nutanix» және т. б. қатысты.

Дөңгелек үстелде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы, «Kazakhstan Investment Development Fund» арқылы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері, сондай-ақ Кремний алқабында орналасқан отандық IT-компаниялардың шешімдері таныстырылды.

Кремний алқабындағы «Google», «Epam», «Motrux LLC» және т.б. компанияларында жұмыс істейтін жас қазақстандықтармен, сондай-ақ Стэнфорд университетінің, Беркли қаласындағы Калифорния университетінің және Оңтүстік Калифорния университетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

«Plug&Play» компаниясының Бас директоры Саид Амидимен кездесу өтті, оның қорытындысы бойынша 2020 жылда Нұр-сұлтан қаласында «Plug&Play» энергетикалық, инновациялық хабын ашу туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар, «Plug&Play» компаниясы 2019 жылғы 24-25 қазан кезеңінде Нұр-сұлтан қаласында өткен «Digital Bridge» халықаралық форумына қатысуды растады.

«Cisco» компаниясының жаһандық Вице-президенті Гай Дидрихпен кездесу ұйымдастырылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ақпараттық технологиялар мен киберқауіпсіздік бойынша оқу бағдарламасын ақысыз негізде ұсыну мүмкіндігі туралы келісімге қол жеткізілді.

Тараптар CDA (Country Digital Acceleration program) бағдарламасын іске асыруды талқылады.

 

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Сан-Францискоға сапары

2019 жылғы 9-10 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Сан-Франциско қаласына ресми сапары өтті.

ҚР Үкіметі басшысының Сан-Франциско қаласына сапарының негізгі мақсаты инновациялық және цифрлық даму, венчурлік қаржыландыру және энергетика саласындағы компаниялар басшыларымен келіссөздер жүргізу болды.

Атап айтқанда, инновациялық экожүйені, венчурлік капиталды және стартап-жобаларды дамыту мәселелері А.Маминнің «Plug&Play» компаниясының басшылығымен әңгімелесу барысында қаралды, оның кеңсесін 2020 жылғы «Astana Hub» алаңында ашуы жоспарлануда.

«C3.ai» компаниясының бас атқарушы директоры Т.Сибельмен кездесу барысында Қазақстан экономикасының мұнай-газ және басқа да салаларында жасанды интеллекті қолданудағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

«One Web» бас атқарушы директоры А. Штекельмен кездесу барысында Қазақстан аумағын, оның ішінде алыс және қол жетімділігі қиын аудандарды, байланыс жерсеріктері арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты Интернет арқылы жабу жөніндегі жобаны іске асыру перспективалары қаралды. Келіссөздер қорытындысы бойынша АХҚО Басқарушысы Қ. Келімбетов пен «One Web» басшысы А. Штекель жобаны одан әрі ілгерілету жөніндегі құжатқа қол қойды.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «500 Startups» венчурлік қорының басшысы К. Цаймен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша «QazTechVentures» АҚ қазақстандық ұлттық даму институтын «500 Startups» V Жаһандық қорына қосу туралы келісімге қол қойылды.

Құжат 10 млн. доллар көлемінде бірлескен тақырыптық венчурлік қор құруды қарастырады. Жоба венчурлік қаржыландыру мен инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға серпін беріп, стартап-компанияны венчурлік капиталмен қамтамасыз етеді.

ҚР Премьер-Министрінің «Bright Sphere Investment Group» (BSIG) инвестициялық тобының қаржы директоры С. Ранамен келіссөздерінің қорытындысы бойынша қазақстандық тікелей инвестициялар қоры (KIDF) мен BSIG арасында 2020 жылы Қазақстан аумағында инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін бірлескен қор құру туралы Меморандумға қол қойылды

«ValvTechnologies» компаниясының президенті К. Хантпен Қазақстанда мұнай-газ секторына арналған клапандар мен ысырмалар шығаратын зауыт ашу мүмкіндігі қарастырылды. Өндірілетін өнімді «Теңізшевройл» болашақ кеңейту жобасын іске асыру шеңберінде пайдалану, сондай-ақ көрші елдердің нарығына экспорттау жоспарлануда.

Сапар аясында Үкімет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) «Төртінші өнеркәсіптік революция орталығында» болып, ДЭФ басқарушы директоры Р.Саманспен инновациялық технологияларды реттеу саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.

Кездесудің қорытындысы бойынша төртінші өнеркәсіптік революция орталығы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) арасындағы заттар интернетін дамытудағы стратегиялық серіктестік туралы құжатқа қол қойылды, бұл 2020 жылы Қазақстанда төртінші өнеркәсіптік революция бойынша ДЭФ үлестес орталығын ашуға алқашғы қадам болды. Мұндай мекемелер Израильде, Үндістанда, Қытайда, БАӘ, Колумбия, ОАР, АҚШ және Жапонияда жаңа технологиялар мен инновациялық жобаларды дамытуды жүйелі мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге ықпал ете отырып жұмыс істейді.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі «Tesla» компаниясының кеңсесі мен зауытына барды, онда компания басшылығымен кездесу барысында Қазақстанда жанармай құю станцияларының желісін кеңейту және ТМД кеңістігінде тұңғыш «Tesla» сервис-орталығын ашу мәселелері қаралды.

«Cisco» корпорациясының штаб-пәтеріне бару және вице-президент г.Дидрихпен кездесу кезінде ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың жаңартылған стратегияны іске асыру және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында бекітілген мақсаттарға қол жеткізу қаралды.

Компания өз тарапынан электронды үкімет ресурстарын одан әрі жақсарту үшін экономиканы кешенді цифрландыру, инновациялық экожүйені құру және «Cisco» озық технологияларын енгізу тұсаукесерін ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан бойынша «Cisco» жобасын егжей-тегжейлі зерделеуге келісті.

 

Қазақстанға сапар

«Plug and Play» компаниясының вице-президенті Собхан Хаджитархани (Sobhan Hajitarkhani) және «Plug and Play» компаниясының бас атқарушы директоры және негізін қалаушы аппаратының басшысы Хамид Хадибейк (Hamid Hadibeik) Қазақстанда кездесулерді ұйымдастыру.

 

21.10.2019 Алматы қаласында «Tech Garden» аумағында стартап жобалар үшін мастер-класс ұйымдастыру

22.10.2019 «Nazarbayev University»-мен кездесу ұйымдастыру.

23.10.2019 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиевпен, «Зерде ҰАХ» АҚ, «Астана Хаб» АҚ, «QazTechVentures» АҚ-пен кездесу ұйымдастыру.

24.10.2019-25.10.2019 Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі, вице-министрі А. Оспановпен, денсаулық сақтау вице-министрі О. Абишевпен, білім

және ғылым вице-министрі Р. Бигаримен, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н. Мукашевпен кездесулер ұйымдастыру

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары