Самарқанд, 2026 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Самарқандқа жұмыс сапары аясында өңірдің бірқатар жетекші өндірістік кәсіпорындарын, атап айтқанда, шырын өнімдерін өндіруге маманданған «AgroMir» компаниясын, металл өнімдерін шығаратын «Asia Metall Prof» кәсіпорнын, сондай-ақ «Sharq Sanoat» концернінің өндірістік нысандарын аралады.