Консулдық және визалық мәселелер

Консулдық және визалық мәселелер

КОНСУЛДЫҚ БӨЛІМНІҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ:

  • сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін – құжаттарды қабылдау;
  • сағат 16.00-дан 17.00-ге дейін – дайынқұжаттардыберу;
  • Сәрсенбі – қабылдамайтын күн.
  • Қызметтер бойынша консультация мына телефон арқылы алуға болады: +998900392040 (сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін) немесеsamarkand.consul@mfa.kzэл. пошта арқылы сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.
  •  

Өзбекстанға баратын Қазақстан азаматтары үшінМАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:

2024 жылдың 14 сәуірінен бастап Қазақстан азаматтарының Өзбекстан аумағында уақытша болу мерзімі өзгерді –тіркеусіз 30 күнтізбелік күнге дейін. 30 күнтізбелік күннен артық болған жағдайда Өзбекстанда тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуден өту қажет.

Өзбекстан аумағына әкелу-әкету ережелері туралымұнда оқыңыз

Өзбекстан аумағындапилотсыз ұшу аппараттарын(дрондар/квадрокоптерлер/авиамодельдер) әкелу, өткізу және пайдалану тәртібі туралы.Толығырақ сілтеме бойынша.

Өзбекстанның кедендік шекарасы арқылыоқ-дәрілердінемесе атыс қаруының негізгі бөліктерін өткізу тәртібі туралы.Толығырақ сілтеме бойынша.

Өзбекстан Республикасынадіни мазмұндағы материалдардыәкелу тәртібі туралы.Толығырақ сілтеме бойынша

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫ АРҚЫЛЫ ЕСІРТКІ ҚҰРАЛДАРЫН, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАРДЫ ӘКЕЛУ, ӘКЕТУ ЖӘНЕ ТРАНЗИТТЕУ, СОНДАЙ-АҚ ОЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫН БАҚЫЛАУ ТӘРТІБІН ЖЕТІЛДІРУ ТУРАЛЫ.Тыйым салынған және шектелген есірткі құралдарының тізіміТәртіп

 

ҚР-дың Ташкент қ. Елшілігініңконсулдық аймағына: Ташкент қаласы, Ташкент, Әндіжан, Хорезм, Науаи, Наманган, Сырдария және Ферғана облыстары кіреді.

ҚР-дың Самарқанд қ. Бас консулдығыныңконсулдық аймағына: Самарқанд, Бұхара, Қашқадария, Жизақ, Сурхандария облыстары және Қарақалпақстан Республикасы кіреді.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері:

1-2 қаңтар - Жаңа жыл

7 қаңтар - Рождество күні

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

21-23 наурыз - Наурыз мейрамы

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

9 мамыр - Мемлекеттік мереке - Жеңіс күні

28 маусым - Құрбан айт

6 шілде - Мемлекеттік мереке - Астана күні

30 тамыз - Мемлекеттік мереке - Конституция күні

25 қазан - Қазақстан Республикасының Күні

16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні